Ит жылы құт жылы болғай! (БЕЙНЕ)

Қостанайда тәуелсіздік мерекесі қаланың басты шыршасын жағу салтанатына ұласуда. Сағат 18.00-де облыс әкімдігінің алдына жиналған халықтың қарасы көп. Түрлі-түсті шамдармен, әшекейлермен безендірілген жаңа жылдың символын тамашалауға келгендер Арқаның үскірік аязына да қараған жоқ. 69f96037-99ad-4b05-b54c-43f7e4d5ab3a
497c1ebb-6a5c-4c73-916f-e62c41b6d24d
68f1e123-0221-4a6e-8d50-4d50e0263ef7Үлкен сахна үстінде қытай пандалары, орман аюлары, арктика пингвиндері мен үй жануарларының кейпіндегі өнерпаздар балалар мен ересектердің көз жауын алады. Әндер айтылып, би биленіп жатыр. Бүгін Елордамыз да Тобыл жұртшылығымен бір мезетте бас шыршаның шамын жағып жатыр. Сонымен қатар өңіріміздің аудандары мен қалалары, Қостанайдың шағын аудандары да кешкі сағат 18.00-ді тағатсыздықпен қарсы алуда. 9ccd5839-0531-42d2-b174-71d079a94636
dc4aab73-ddf8-45b0-af43-c51b807bc400Өтіп бара жатқан 2017 жыл Қазақ елінің тарихы үшін есте қаларлықтай оқиғаларға толы. Елбасымыздың «Болашыққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың тұтастығын арттыратын талай ауқымды істер қолға алынды.
— Қазақстан Қысқы универсиаданы абыроймен өткізді. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тәуелсіз мемлекетіміздің келешек жолындағы маңызы зор шара болды. Бүкіл әлем жұртшылығы көз тіккен көрмеге жоғары баға берілгені еліміз үшін зор мәртебе болғаны рас. Біздің Қостанай облысында да талай ауқымды шаралар атқарылды. Жолдар, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, бірқатары күрделі жөнделіп жатыр. Алдағы жылы да осындай маңызды науқандарға толы болады деген сенімдемін, — деді құттықтау сөз сөйлеген Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов. 4a05e302-5026-4136-a1d6-2cce355bc0f6
c9a58bb0-2002-46d0-a590-7c802fe530fbОблыс орталығында ашылған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағы, Торғай даласындағы атақты Кейкі мергенге арналып салынған кесене, даңқты қолбасшы Шақшақ Жәнібек Тарханға орнатылған еңселі ескерткіш, қайта жаңартылған ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мемориалдық кесенесі осының айғағы. Мерекелік салтанат отшашуға ұласты.
 
 
105e2241-f597-4fdc-9b9e-f52897d19e16
0c010ac4-57cf-4570-9c04-a835bd63c4e4
 
Қыдырбек ҚИЫСҚАН
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓