Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды және еліміздің жаңа тарихи кезеңі басталды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз және демократиялық мемлекет атанып, әлемдік қауымдастықта зор беделге ие болды. Тәуелсіздік жылдарында елде тұрақты экономика мен қоғамдық татулық қалыптасты.
2017 жылы саяси және экономикалық жаңғырту бойынша ауқымды және іргелі жұмыстар бастау алды.
Биыл елімізде қысқы Универсиада ойындары өтіп, аталмыш спорт жарыстарының тарихында үздіктердің бірі ретінде бағаланды. Осы жылдың басынан бері біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, ал 2018 жылдың қаңтарында осы органға төрағалық етеді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жоғары деңгейде өткізілді. Мұның бәрі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан Республикасына деген зор сенімнің және жауапкершіліктің айқын дәлелі. Бұл – дұрыс саяси жолды таңдаудың нәтижесі және халықаралық аренадағы мемлекеттің асқақ абыройы.
Келесі жылы тағы да тарихи оқиғаға – Астананың 20 жылдығын мерекелеудің куәсі боламыз. Астана – өркениет пен мәдениеттің, халықаралық келісімдердің ордасына айналды. Барлық қазақстандықтар үшін біздің елордамыз жаңа жетістіктер мен инновациялардың үлгісі болмақ.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің ортақ шаңырағымыз Қазақстан Республикасында бірлік пен келісімнің нығайа беруін тілеймін!
 
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓