Астық өңдейтін кешен іске қосылады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Әулиекөл ауданында салынып жатқан бидайды тереңдете өңдеу цехының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.астык
Биыл Әулиекөл ауданында «Agro-Bio-Auliekol» ЖШС бидай астығын тереңдете қайта өңдеу бойынша биотехнологиялық кешен жобасын қолға алды. Аталған жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. Қыркүйек айында Қостанайда өткен халықаралық инвестициялық форумда Әулиекөл ауданының әкімдігі мен «Agro-Bio-Auliekol»  ЖШС арасында жалпы сомасы 1 млрд 460 млн теңгеге тең екіжақты қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бүгінде бұл шаруашылықта 27 адам жұмыс істейді. Цех толығымен іске қосылғанда тағы 53 адам штатқа алынуы тиіс. Айтпақшы, астықты зерттеу жұмысымен айналысатын зертхана цех аумағына салынады.
Жалпы, дәнді дақыл егетін аудандар өнімдердің үш түрін шығарады. Олар:бидай, ұн, кебек. Егер де Әулиекөл ауданындағы астықты тереңдете өңдеу жобасы жоғары қарқын алса, онда астықтың 19 түрін өндіруге болады. Бұл дегеніңіз облыс экономикасын жаңа деңгейге көтеруге деген қадам.
«Бұл жобаны биотехнологияның жаңа жетістіктерін енгізу арқылы іске асырмақпыз.  Қазіргі қолда бар мүмкіндікті пайдалансақ, астықты 100% қайта өңдей аламыз.  Өз кезегінде бұл жоғары сапалы өнім алуға жол ашады. Осылайша, жергілікті өнім экспортқа бағдарланады. Керек жабдықтар Алматыдан алынады. Қазір керекті құрылғылардың тізімін жасап қойдық», — дейді серіктестік құрылтайшысы Айгүл Көмекова.
Өз кезегінде облыс әкімі құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, бидайды ғылыми түрде зерттеуге аса мән беру керектігін айтты.
 Астықты тереңдете өңдейтін кешен 2018 жылдың желтоқсан айында өз жұмысын бастайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓