Басты парыз – жемқорлықтың алдын алу

Бүгінде облысымызда мемлекеттік қызметшілердің, студенттер мен оқушылардың қатысуымен  9- желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.  Осы шаралардың басы-қасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті  болды.IMG_0844
 
IMG_0849
IMG_0856
IMG_0869
IMG_0874-А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы алаңда  өңіріміздегі жоғары, Заң академиясы курсанттарының, орта буын оқу орындарының студент жастардың қатысуымен «Адал бол» флешмобын облыстық жастар жөніндегі саясат басқармасымен бірігіп өткізіп отырмыз. Біздің 23 қараша — 7 желтоқсан аралығындағы осы ұйымдастырған іс-шараларымыздың барлығы да 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналады. Бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылғы 9 желтоқсанда Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі конвенцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  құжатқа қол қойылды. Конвенцияның басты мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, жою. Ал, енді іс-шараға келер болсақ,  бұл акция барысында  студент жастарымыз аспанға  жүз шар ұшырады. Жүз шар – Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» атап көрсетеді. Сол секілді спорт, зияткерлік ойындары, дөңгелек үстел, кездесулер өтеді. Бұл шаралардың көздейтіні – өскелең ұрпақтың, жұртшылықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті, нөлдік төзімділікті, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,-деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Салықбаев.
 
Гүлназым Сағитова

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓