«Ботақаным» жалғасын табады

Құрметті оқырман!
"Қостанай таңы" облыстық газетінің ресми сайты жариялаған "Ботақаным" фотобайқауы жалғасатынын хабарлайды.
Балалық – кез келген адамның ғұмырындағы шуақты, шырынды шақ. Ал өмірдегі көрермен талғамайтын ең ғажайып көрініс – баланың риясыз күлкісі, балдай қылығы, бейқам еркелігі.  Ендеше, нәркес нәрестенің, былдыр тілді бөбектің немесе бастауыш мектеп жасындағы бүлдіршіннің сәтті түскен суреттерін бізбен бөлісуге мүмкіндігіңіз туды. Оның үстіне, үздік атанып, жүлдеге ие бола аласыз. 
Шарт бойынша, байқауға облыс тұрғындары ғана қатыса алады. Ең әуелі сапаға мән беріледі, әр кадр "сәби салған суреттей" шынайы, тосын түсірілген болуы тиіс. Көбі, 5 материал қабылданады. Суреттегі кейіпкердің және жолдаушының аты-жөні міндетті түрде жазылуы керек. Сондай-ақ, байланыс нөміріңізді көрсетуді де ұмытпағайсыз.
Материалдарды "[email protected]" электронды почтасы немесе 8 778 029 92 51 нөмірлері "WhatsАpp" желісі арқылы қабылдайды.
Айта кетейік, бұл байқауға "Теплоэнергострой" ЖШС құрылыс-монтаж компаниясы демеушілік жасап отыр. Серіктестік басшысы – Балаби Шиктыбаев.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Аноним:

    қашанға дейін жалғасады байқау?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓