Көрме 2 күнге қайта ашылады

11 қараша күні ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. экспоАтап айтқанда, «Нұр Әлем», Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды ЭКСПО-ның төрт нысаны туристік орын ретінде қайта ашылмақ. Қайта ашылу құрметіне орай, Астана тұрғындары мен қала қонақтары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.
«ЭКСПО-ның бұрынғы аумағына кіру тегін. Ал жекелеген павильондар мен «Нұр Әлемге» кіру үшін билет сатып алу қажет. Алғашқы екі күні туристік аймаққа тегін кіруге болады. Одан кейінгі кіру құны 1500 теңге болады. Мұнда жеңілдік билеттері де қарастырылған: студенттер 800 теңгеге, көп балалы аналар мен зейнеткерлер — 500 теңгеге және мүгедектер мен ҰОС ардагерлері, алты жасқа дейінгі балалар мен жетім балалар тегін кіре алады. Билеттерді ресми сайттан және арнайы сату орындарынан алуға болады, — деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Контент және іс-шаралар ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров ЭКСПО-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында «Нұр әлем» ғимараты мен тақырыптық павильондардың  энергия музейі ретінде өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеген еді. Көрмеге дейін «EXPO 2017» аумағындағы ғимараттардың бір бөлігін «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне берілуі туралы шешім қабылданған болатын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓