«Үміт еткен көзімнің нұры – балам…»

Қалалық мешіт пен облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайы бірлесіп, ұлт ұстазының 176 жылдық мерейтойына орай басқосу ұйымдастырды.IMG_0077
Қалалық мешіт қабырғасында өткен жиында Ыбырай Алтынсариннің тағылымға толы өмір жолы, ағартушылық қызметі және дінге деген көзқарасы жайлы жан-жақты мәлімет берілді.IMG_9924
IMG_9932
Алдымен, қалалық мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы құран бағыштады. Мұнан соң облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ал Ыбырайтану саласында көлемді еңбектер жазып жүрген ақын Серікбай Оспановтың айтуынша, бертінге дейін «Алтынсарин адасқан, шариғатты шетке ысырып, шіркеу кіріп, шоқынған» деген жансақ пікірлер айтылды.IMG_0050
«Ыбырайдың Алланың ақ жолында болғаны туралы деректермен дәлелдеп бере аламын. Біріншіден, ол Балғожа бидің өмір мектебінен өтті. Оның екінші айқын айғағы – «Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық!» деген өлеңі. Тағы бір айта кетерлігі, бабаымыз төрт рет судья сайлауына түсіп, барлығында да бекімеген. Егер де ол басқа діннің өкілі болса, бірден судья болып қабылданар еді», — деп қорытты Серікбай Оспанов.IMG_9972
Ұлы ағартушының ақ жолдан адаспағанын шығармаларынан-ақ білуге болады дейді Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры Марғұлан Оспанов.IMG_0058
«Мұсылманшылық тұтқасы» бөлек әңгіме. Оның сыртында «Асан мен Үсен» әңгімесінде педагог пайғамбарымыздың ұрпақтары Хасан мен Хусейнді кейіпкер қылып алса, «Асыл шөп» шығармасында басты кейіпкердің атын Фатима анамыздың есіміне ұқсатып бергенін біреу білсе, біреулер білмейді. Ыбырай Алтынсариннің азан шақырып қойған атының өзі-ақ хақ дініміздегі хазіреті Ибраһим пайғамбардың есімі екенін естен шығармаған жөн», — деді ол.IMG_9997
 
IMG_0050Тағылымды кеште Ыбырай өлеңдері жатқа оқылды. Тұңғыш педагогтың кесенесі туралы Жолбарыс қажы Баязид, Кенжебек Укин, Марат Қасымовтар тұщымды пікірлерін ортаға салды. Бабамыздың құрметіне ас берілді.
 
IMG_9962
IMG_9911Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ 
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓