Үш көлік соқтығысты

Қостанай облысында болған ірі жол-көлік оқиғасы туралы ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17 қазанда «Қостанай-Рудный» тасжолында үш автокөлік соқтығысты. «Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтай алмай, алда келе жатқан тағы бір «Камаз» көлігіне соғылған. Соның салдарынан алдыңғы «Камаз» жол төсеміне белгі салып келе жатқан «Газель» автокөлігіне соғылды.
«Жол-көлік оқиғасынан 57 жастағы «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды. Оған жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қалған көліктердің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді» — делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓