Қасиетті жерлерге саяхат

Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Тобыл-Торғай мұрасы» жобасын іске қосты. Оның мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттап, Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтау. Бұл бастама туралы «Қостанай облысы азаматтық Альянсының» ғимаратында өткен қоғамдық тыңдауда айтылды.DSC_6999Жоба аясында облыстың 20 өңіріне «Ұлы дала қазынасы» атты пресс-тур ұйымдастырылып, қасиетті жерлерге саяхат жасау жоспарланып отыр. Білікті спикерлердің қатысуымен әр өңірлерде «ЖОО-дағы саяси сағат», «Ата-аналар жиналысы» акциялары өтеді. «Туған өлкем – Қостанай!» сайты жасалып, онда жерлестер бір-бірімен пікір алмасып, облыстың маңызды тарихи орындары туралы ой бөліседі. Жобаның соңында желтоқсан айында облыстық журнал шығады. Аталмыш жобаны Қостанай облысындағы балалар қауымдастығы және жастар ұйымы жүзеге асырмақ.DSC_7009-Біз үшін «Торғай-Тобыл мұрасы» жобасының маңызы зор. Жоба аясында Елбасының мақаласын халық арасында насихаттай отырып, өңіріміздің тарихи, қасиетті орындарын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде көрсеткіміз келеді. Ең басты міндетіміз – шығармашылық иелері мен оқымысты-ғалымдарды туған өлкеміздің бай мұрасын зерттеп, зерделеуге шақыру,-деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Бәйменова.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓