Маманмен жұмыс ЖОО-дан басталу керек

Қостанай облысының прокуратурасы заңгер мамандығының түлектері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді деп хабарлайды қадағалаушы органның баспасөз қызметі.IMG_8765
Бұл акция жаңа форматта өткізіліп отыр. Яғни, бұрынғыдай баяндама оқылумен шектеліп қалған жоқ. Қызметке қабылдау тәртібін түсіндірумен қатар, студенттерді қызметкерлердің кабинеттерімен және жұмыс процесімен, прокуратура органдары жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды.IMG_8859
Облыс прокуратурасының әрбір құрылымдық бөлімшесінің басшысы қадағалау қызметінің өзі бақылайтын бағыты туралы және оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатындығы, қадағалау ведомствосының қызметінде қазіргі уақытта қандай мәселелерге баса назар аударылу қажеттігі туралы айтылды.IMG_8878
Қостанай облысының прокуроры Тимур Сүлейменов студенттердің сұрақтарына жауап берді және кадрмен жұмыс жүргізуді жоғары оқу орындарынан бастау керектігін атап айтты.IMG_8897
Сонымен қатар, облыс прокурорының бірінші орынбасары Марат Әбішев прокуратура органдарында енгізіліп жатқан, соның ішінде цифрландыруға қатысты жаңашылдықтармен бөлісті.
 
Қыдырбек Қиысханұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓