Жаңа жобалар белгілі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облыста жүзеге асырылуы аппарат мәжілісінде талқыланды.акимат
Бағдарламалық мақала бойынша Қостанай облысында үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап 940 мың адамды қамтыған 6298 іс-шара өткізіліпті. Бағдарламаны халық арасында насихаттау жұмыстарын одан әрі күшейту мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының жанынан құрылған ақпараттық топ барлық ауданда түсіндіру жұмыстарын жүргізген.  
— Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын сыртқы үгіт-насихат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 140 билборд, 176 баннер және 17 керме, 1371 постер орнатылды. Оған қоса «Рухани жаңғыру – Қостанай» атты мобильдік қосымша жұмыс істейді. Ал ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аз жүргізілген Науырзым, Жітіқара, Қамысты, Ұзынкөл аудандарының әкімдіктеріне хабарлама жіберілді, — деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өз баяндамасында.
Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына мән бермей отырған аудан әкімдерін сынға алды.
— Мәселен, Ұзынкөл ауданында небәрі 41 іс-шара өткзіліпті. Бағдарламалық мақала сәуір айында жарияланса да, визуалдық ақпараттық жабдықтар әлі ілінбеген. Бұл мәселе Қамысты мен Федоров аудандарына да қатысты. Көрсеткіштеріңіз аз. Түсіндіру жұмыстары сапалы жүргізілсін! Олқылықтың орнын дұрыстаңыздар! — деді Архимед Бегежанұлы.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 14 мың оқушы туристік-өлкетану экскурсияларына шыққан. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 5 млн теңге бөлініпті. Сондай-ақ, 9 ауданда мектеп музейлері ашылмақ.
«Атамекен» бағдарламасы негізінде өңірде құны 3 млрд 340 млн теңге болатын 349 жоба қолға алынды. Оған Қостанай ауданындағы Озерное селосындағы мәдениет үйінің күрделі жөнделуі, Жітіқара ауданындағы стадион құрылысы, Әулиекөлдегі екі шағын орталықтың ашылуы сияқты бірқатар маңызды жобалар кіреді. Аталған бағдарламаның орындалуы бойынша іркіліс жоқ. Мысалы, Қостанай ауданы осы уақытқа дейін 176 жобаның аяқтаған. Әкімдік 164,7 млн теңгені құрайтын 80 меморандумға қол қойды.
Облыс әкімі отырысты қорытындылай келе, мақалада айтылған міндеттемелердің жүзеге асуына күш-жігер жұмылдыру, визуалдық ақпараттық жабдықтарды көбейту керектігін баса айтты.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓