Қоныс тойы тойланды

Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеуді тапсырған-ды. Аталған бағдарлама аясында елдің әрбір азаматына 10 соттық жер беру мәселесі қаралған. Міне, көп күттірмей-ақ жоба жемісін бере бастады. Тұрғындар көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.IMG_1172
IMG_1155Бүгін Заречный кентіндегі «Северный» шағын ауданында 14 отбасы қоныс тойын тойлады. Барлығы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Олар көп жылдар бойы осы аумақта жер телімін алуға кезекте тұрған. «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған пилоттық жобасында мемлекет салымшыларға тиелісі 10 соттық жерді беріп қана қоймай, сол жерде жеке тұрғын үй салуға көмектесіп отыр.IMG_1281
IMG_1287
Қостанай облысы елімізде алғаш болып осы бағдарламаны жүзеге асырып отырғанын айта кеткен жөн. Қуаныш иелеріне баспана кілтін беру рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова арнайы келіп қатысты.IMG_1298
IMG_1279-Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында азаматтарымыз пәтер емес, кең, жайлы жеке үйге кіріп отыр. Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі еліміздегі пайдалануға беріліп жатқан үйдің жартысы жеке тұрғын үй құрылысы санатына енеді. Алайда, қазіргі заманда үй салу оңай шаруа емес, сондықтан біз, әкімдік, мердігерлер, банктер және Қазақстанның ипотекалық компаниясы болып, қазақстандықтарға қолжетімді жолмен, артық салмақ түсірмей баспаналы болуға көмектесіп келеміз,-деді Ләззат Ибрагимова.IMG_1217
IMG_1357Бұл үйлер шетелдік үлгіде салынған. Айырмашылығы тек көлемінде. Аумағы 90, 110 шаршы метр болатын бір қабатты және екі қабатты үйлер бой көтерген. 1 шаршы метрдің құны – 115 мың теңге. Несие ресімдеу үшін қойлыған басты шарт – ТҮҚЖБ депозитінде үй құнының 30 пайызын жинасаңыз болды.
Бүгінгі қуаныш иелерінің бірі – Серік Қабиев. Ол – мемлекеттік қызметкер.IMG_1168-Осыдан он жұл бұрын жер алуға кезекке тұрған  болатынмын. Мамыр айында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға ұсыныс білдірді. Шарттарымен танысқан соң бірден келістім. Құрылысшылар бар-жоғы үш айдың ішінде осындай зәулім үйді тұрғызып берді. Ең бастысы, бағдарлама түсінікті әрі тез жүзеге асады. Алғашында отыз пайызын төледім, ендігі қалған соманы 9 жыл бойы бөліп төлмекпін,-дейді отағасы.
Қабиевтер әулетінің қуанышына ортақтасқан өңір басшысы Архимед Мұхамбетов өз құттықтауын айтып, сый-сияпатын ұсынды.IMG_1327-Әуелі Елбасының саясатының арқасында кең өріс алып, қойған мақсаттарымызға жетіп келеміз. Міне, осы ауданда 30 үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта бәрі жоспарлы түрде жүзеге аспақ,-деді облыс әкімі.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓