«Картинг-орталық» ашылады

Облыс орталығында өтіп жатқан "Kostanay Invest 2017" инвестициялық форум аясында "Картинг-орталықтың" тұсаукесері ұйымдастырылды. Рәсімге форум қонақтары мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.IMG_0506-Мұндай ғимарат Қазақстан бойынша жоқ. Нысанның жалпы аумағы 3 мың шаршы метр. Құрылысқа маусым айында кіріскен едік. Барлық заманауи технологияларды қолдандық. Жапониядан электронды қозғалтқыштар әкелдік, Еуропадан да біраз техника алдырдық. Алдағы уақытта тағы он шақты картинг әкелу жоспарда бар,-дейді нысан басшысы Асхат Аубакиров.YMF4Sd2zIZ4Бұл спорттық кешен мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында салынған. Кәсіпкер өз қалтасынан 100 млн теңге беріп отыр. Бұдан бөлек, ғимараттың жертөле қабатында тағы да ойын алаңдары ашылмақ. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓