Облыс әкімі Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарына барды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарына жұмыс сапарымен барды. Әуелі ол Боровской мен Первомай ауылындағы ауызсу тарту жұмыстарын бақылады. Құбырдың ұзындығы – 95 шақырым. Алдағы уақытта 3736 үй таза суға қосылмақ. Жобаның жалпы құны – 2 млрд  337 млн теңге. Биылғы жұмыстарға 337 млн теңгесі бөлінсе, қазір соның 89 пайызы еңсерілген. Құрылыс жұмыстары үш жылға созылмақ. 2019 жылы тұрғындар таза суға қосылуы тиіс.
Әзірге жоспардан қалыс емес. Қаржы тапшылығы жоқ. Жергілікті 17 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.IMG_9978
IMG_9885
IMG_9891Бұдан соң өңір басшысы аудан орталығындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы орта мектепке соқты. Мұнда биыл 290 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалған-ды.IMG_0035
IMG_0061
IMG_0095Ауданнан кетпес бұрын жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, орақ маусымын талқылады. Меңдіқаралық диқандар да астықты толық жинауға жақын. Тек шағын кәсіпкерлер кідіріп тұр. Кәнігі мамандар биылғы жылға қанағат етіп отыр. Алайда алдағы уақытта майлы дақылдарды көптеп себуді жоспарлайды.
Меңдіқарадағы егіс алқабының аумағы 294,4 мың гектарды құрайды. Оның 233 га бидай, 47 гектары майлы дақылдар. Қалған жерінде көкөністер өседі.
Мұнда 1 акционерлік қоғам, 35 ЖШС, 418 шаруа қожалығы мен 6 кооператив еңбек етеді.IMG_0173
IMG_0180Ал, Ұзынкөлдегі егіс алқабы 314,2 мың гектар. Екі аудандағы жағдай бірдей. Қазір нарықта бидай құны құбылмалы, келер пайда көңіл көншітпейді. Сондықтан облыс әкімі алдағы жылы майлы дақылдарды көптеп себу керек екенін айтты. Оған Ұзынкөл мен Меңдіқара жері әбден қолайлы.
Архимед Мұхамбетов аудан орталығындағы жылу қазандықтарын аралады. Қыс қамы әлден әзір. Қазандықтар тегіс жаңартылған.IMG_0323Сондай-ақ, Ұзынкөлдегі мәдениет үйінің құбыр желілерін жөндеуге 50 млн теңге бөлінді. Бірақ мәдени ошақта бұдан бөлек проблемалар бар. Ғимараттың тозығы жеткен. Күрделі жөндеу жұмыстары керек-ақ. Облыс әкімі биыл бөлінген ақша еңсерілген соң тағы да қаржы беруді қарастыратынын жеткізді.
IMG_0364
IMG_0361
IMG_0357
IMG_0354
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓