Қылмысқа есірткінің қатысы бар

Сараптама 9 тамыз күні Людмила Быковскаяны қағып өлтірген «Тойота» жүргізушісінің жол-көлік апатынан бұрын есрткі пайдаланғанын көрсетті. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлады.  боровской
(Сурет "Алау" сайтынан алынды)
Қайғылы оқиға Меңдіқара ауданы Боровской кентінде болған. 21 жастағы қыз жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оны ауылдасы қағып кеткен. 
«Қылмыстық тексеру органы 2017 жылдың 9 тамызы күні сағат 22:40-та «Тойота-Силика» көлігінің жүргізуші А.П. Гинтердің Меңдіқара ауданы Боровской кенті Абай-Бексұлтанов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Л.В. Быковскаяны қағып кетеді. Жол-көлік апаты салдарынан Л.В. Быковская алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», — деп түсіндіреді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓