Мақсат – ортақ, міндет – айқын

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті дін одақтары, құқық қорғау, кәсіподақ, этномәдени бірлестіктерімен бейне байланыс арқылы әңгіме өрбітті.
Религия
Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Ескендіров сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тәсілдері түбегейлі өзгергендігін айтты. «Бүгінгі күні біздің қызметтің ең басты мақсаттарының бірі жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру. Содан кейін ғана, жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жазалау. Яғни, сыбайлас жемқорлықпен күреске емес, енді оның алдын алып, болдырмауға көңіл бөлу керек» — деді мемлекеттік қызметші.
Дін өкілдері өз кезегінде жемқорлық барлық кездерде халықаралық діндермен айыпталды және айыпталатынын айтты. Адамдар өздері ғана заңсыз әрекеттерге барып қоймай, қоғам тарапынан да заңға деген құрметтемеушілікке немқұрайлы қарамауы маңызды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓