Қаланы көркейту жұмыстары қарқынды

Бүгінде облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша да біраз жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, қаламыз күннен күнге көркею үстінде. Әрине, мұның бәрі қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқан игілікті істер.
Облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берген облыс әкімі А.Мұхамбетов бүгінде Қостанай шаһарында жаңа әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымдардың салынып, біртіндеп автомобиль жолдарының да оң шешімін тауып жатқандығын тілге тиек етті. Әкімнің айтуынша, жыл сайын жаңадан салынған спорт және аула алаңдарының да саны артып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында көптен күткен “Тәуелсіздіктің 25 жылы” жағажайы ашылып, қала тұрғындарына тарту етілді. Енді тамыз айында Арман-1 шағын ауданында “Қостанай плаза” сауда ойын-сауық орталығы ашылады деп күтілуде. Ал, қыркүйек айында жылдам тағам әзірлейтін “Макдональдс” мейрамханасы іске қосылса, онда қала тұрғындарына McDrive жүйесі арқылы көліктен шықпай-ақ тапсырыс беруге, ақысын төлеуге және алуға мүмкіндік тумақ.
Облыс орталығында жаңа спорттық нысандар салу да жоспарланып отырған көрінеді. Бұл тұрғыда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құны 1,5 млрд.теңге болатын  жабық футбол аренасы, құны 900 млн. теңгені құрайтын спорттық ойын-сауық кешені бой көтеретін болады. Алдағы уақытта аумағы 50 метрлік бассейн салу да жоспарланып отыр. Жоба құны 2 млрд. теңге.
“Қостанай аулалары” бағдарламасы шеңберінде де 25 балалар және тастан төселген 22 спорт алаңдары мен  9 шағын футбол алаңы орнатылып, 25 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылуда.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓