Біле жүріңіз

34221314_7bd6ceb49859Таразының тууы. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болады. Алғашқы күз нысаны біліне бастайды. "Таразы туса – таң суыр" деген мәтел осындайдан шыққан.
Сүмбіленің суы жүрді. Тамыз айында Сүмбіленің суы жүрмек, сондықтан да Сүмбіленің суы жүріп пе екен? – деп сұраған қазақ. Сүмбіле  жаңбыры  болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жыл-қыны қыста сол жерге тебіндеткен.
Мизам шуақ. Қыркүйек  айының  екінші  онкүндігінде салқын басталады. Жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі. Осы кездерде күндізгі шуақты күндер де болады. Далада ұзыннан-ұзақ мизамдар шұбатылады. Мұндай жылы мезгілдерді  мизам шуақ деп атайды.
Сүмбіленің тууы. "Сүмбіле туса – су суыр" деген халық қағидасы бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады.
Қазанның қара дауылы. Қазан айының ішінде күн суытып, қар аралас жаңбыр болады. Қазанның желі қаққан ащы шөптерді осы амалдан кейін қой, түйе малдары жеп ащылайды. Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, "Ескіше үшінші қазанда құ-мырсқа жер астына кетеді".
Қазанның қағуы. Қазан айында кіші қазан, үлкен қазан аталатын амалдар бар. Бұл екі амалдың да ұзақтығы он күннен арасына екі апта салып, кезектесіп келеді. Қарттарымыз бұл амалдардың кіруі мен шығуын ескі санат (юлиан) күнтізбегі бойынша есептейтін. Кіші қазанда жел тұрып, күн аздап суытып, жаңбыр жауады. Тұщы шөптердің бояуы оңып қурайды. Ал ащылы шөптер: шағыр, сораң, қара жусан, алабота, т.б. піседі, тұшиды. Қазақ бұл құбылысты "шөпті қазанның қағуы" дейді.  Жоғарыда аталған ащылы шөптерді "қазан қақпай мал жемейді. Сондықтан да мал өсіретін ел бұл шөптерді "қазан қақпай" шаппайды. Себебі, қазан қақпай шабылған ащылы шөп малдың ішіне тиеді, ас болмайды. Ал үлкен қазанда  қар аралас жаңбыр жауа-ды, қатты ұшырма жел болады. Өсімдік атаулы түгелге дерлік қурайды, яғни көктемде бой алып өскен өсімдік атаулы қараотқа,  бойында  нәрі  жоқ  өлі  шөпке айналады. Байырғы кезді  қазақтар  үлкен қазан амалы жақындағанда-ақ кәрі, ақсақ-тоқсақ малдарды  өріске жібермей, ауыл маңына ұстайды және  олардың ішінен  қазан асын  соя да бастайды.
Қарашаның қайтуы.  Қараша айында құс оң-түстікке қайта бастайды.  Бұл кезде алғашқы қар түседі. Күн суиды. Қарашаның жиырма бесі – қыс тоқсанының басы, Үркердің батқан күні болады. Қарақұйрық ұйығады: адал аңның алды (Мәшһүр Жүсіп).
Бозқыраудың амалы. Қазан айының 20-21-лері шамасында күн райы салқындай бастайды. Бұл құбылыс "бозқырау" деп те аталған. Бұл суықта алғаш рет көкті үсік шалып, су бетіне қаймақ мұз тұрады. Осы айдың 20-25-і шамасындағы қардың көрінуін "ұшқын" деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның 4-5-інде қар түсіп, жатып қалады. Осы айдың 17-19-ы шамасында қай жылы болмасын жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын есепшілер күні бұрын ел құлағына салып отырған.
Қырбастың  қызылы. Қазақстанның  солтүсті-гінде қыс ерте басталады. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт "қырбастың қызылы" деп атайды. Бұл кездерде қатты аязды суықтар болады.
Текебұрқылдақ.  Желтоқсанның соңғы онкүн-дігінде қазақ даласында қатты боран соғады. Дәл осы кезде киік текесі маталады, яғни ұрғашы киіктерді қашырады. Және бұл екі-үш күн ішінде аяқталады. Мамыр айының аяғында киіктердің лақтауы 2-3 күннен әріге созылмауы да осыдан.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓