Елорда төрінде – Тобыл өңірі (БЕЙНЕШОЛУ)

Тамыз айының 5-9 жұлдызы аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтеді.
Осы күндер аясында Қостанай облысының үздік қайраткерлері өнер көрсететін Мәдениет күндері ұйымдастырылады. Суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, филармония және театр әртістері, спорттық жарыстар және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Жәрмеңкесі өтеді.
Қостанай облысы күндері шеңберінде әр күн қызықты шараға толы болмақ.
 
https://www.youtube.com/watch?v=43bh5taUzUQ&feature=youtu.be
 
5 тамызда,  21.30 с. – ЭКСПО амфитеатрында – Қостанай облысы Мәдени күндерінің ашылу салтанаты және өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының Гала-концерті;
6 тамызда, сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін – «Қазанат» атшабары —  «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концертінде Қостанай облысындағы  халық әндерін үздік орындаушылар, сондай-ақ, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалауға болады;
6 тамыз күні сағат 18.00-де — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында – Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының Ыбырай Алтынсаринге арналған «Дала шамшырағы» спектаклі қойылады; 
7 тамыз күні сағат 19.00-де – М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында – облыстық орыс драма театрының Ахмет Байтұрсынов пен оның жұбайы Бәдрисафаға арналған  «Любовь и смерть Ақ келін» спектаклін тамашалауға болады;
7 тамыз күні сағат  19.00 –де – Астана қаласының орталық алаңында – «Славянская песня» орыс халық аспаптар оркестрі мен ансамблінің  «Музыка – душа народа» вокальдық-поэтикалық бағдарламасын көре аласыздар;
8 тамыз күні сағат 19.00-де  — Астана қаласының Орталық алаңында —  «Костанайские зори» би ансамблінің «Сиқырлы би әлемі» хореографиялық шолуы болады;
9 тамыз күні сағат 19.00-де – Астана қаласының Орталық алаңында — Қостанай облысы Мәдени күндерінің жабылу салтанаты, концерттік Big-band пен  «Нью-бойс» тобының «Достармен бірге заманауи әуен аясында» джаздық шолуы.
Сонымен қатар, 31 шілде мен 9 тамыз аралығында  Этноауылдың («Қазанат» атшабары) «Қолөнершілер» секторында Қостанай облысының 20 қолөнер шеберінің «Туған жер құшағында» атты экспозициялық көрмесі шақырады.
5 — 6 тамыз күндері «Қазанат» атшабарында көріністер көрсетіліп, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өтеді: қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, аламан бәйге, құнан бәйге.
Сонымен қатар 5- 6 тамыз күндері «Қазақстан» спорт кешенінде Қостанай облысының 14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Жәрмеңке өткізеді, онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдерінің түрлері және басқа да өнімдер тауар өндірушілердің бағасымен ұсынылады.     
Міне, қостанайлықтардың ұсынар бағдарламасы осындай. Астана тұрғындары мен қонақтарын іс-шараларға қатысуға шақырамыз.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓