Фотоқұжаттар тіл қатқанда…

Облыс орталығындағы көркемсурет галереясында "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының 60 жылдығына арналған "Қостанай жерінің қазынасы"  атты фотоқұжаттық көрмесінің тұсаукесері болып өтті.
IMG_1763Расында да  көркемсурет галереясына  облысымыздағы алып кен-байыту комбинаты-"Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің" АҚ өткені мен бүгінгісін баяндайтын фотосуреттер мен құжаттар кезең-кезеңімен ілініп, жиналған жұртшылықтың назарына қойылған. Әр құжат пен фотосурет кен алыбының тарихынан сыр шертеді. Осыдан алпыс жыл бұрын еліміздің сайын даласынан  темір кенінің мол қоры қалай табылғаны, шатыр тіккен  кеншілер, алғаш-қы құрылысшылар, алғашқы жарылыс, жер қойнауынан қазып алынған алғашқы руданың Магнитогорск металлургия зауытына қалай жіберілгені, бүкілодақтық құрылыс орнына айналған кен орны, осындай алып кен-байыту комбинатын басқарған басшылар мен  ерен еңбегімен көзге түскен жұмысшылары кім  екені туралы соны бір  құжаттар мен фотолар әңгіме айтады.   Тарих қойнауына саяхат жасап шыққандай боласың. Міне, осылайша  карта бетінде жаңадан пайда болған кеншілер қаласы-Рудныйдың   өмірбаяны  осындай.
Ал,  енді бүгінде Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі  ел  экономикасының  алдыңғы  шебінде тұр.   Сондықтан да көрменің  тұсаукесер рәсімінде  сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ж.Мақанов, "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ әлеуметтік сала жөніндегі вице-президенті Е. Әлкенов, комбинат ардагері, Социалистік Еңбек Ері Л.Петров, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, өнертапқыш, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет" ордендерінің иегері Ә.Дәрменбаев және тағы басқалар сөз сөйлеп,  бүгінгі таңда құрылғанына 60 жыл толған комбинаттың осы жылдар ішінде қандай  алып кәсіпорынға айнал-ғанын,  кен орны тек елімізге ғана емес алыс шетелдерге де танымал екенін, инновациялық технологияларды енгізудің, дамудың үлгісіне айналғанын,  неліктен  бірлестікті әлеуметтік саланың көшбасшы деп атайтынын, бірлестіктің бүгінгі тынысы мен келешегі туралы айтты.
Көрмеге  Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Рудный тарихи-өлкетану мұражайынан,  Қостанай облысының мемлекеттік пен Рудный қалалық мұрағаттарының сол секілді "ССКӨБ" АҚ ведомствалық мұрағаты қорларынан  алынған фотосуреттер мен құжаттар қойылды. Кейбір құжаттар мен фотосуреттер түпнұсқа. Көрме "Бәрі осылай басталады", "ССКӨБ"АҚ бүгін" деген екі бөлімнен тұрады. Әр құжатты, фотосуретті бағалы дүние, жәдігер, тарих деп айтуымызға болады,  өйткені олар еліміздің, мемлекетіміздің бір бөлшегі.
– Не айтсам, не десем екен, осы құжаттарды көре отырып, жастық шағым есіме түседі. Сол кездегі кен орны қандай, бүгін қандай?! Айырмашылық жер мен көктей. Қазір  жұмысшыларға деген құрмет әлі де бәсеңдеген жоқ.  Комбинатымыздың әлеуметтік саланы қаншалықты қолдап отырғанын  Рудный  қаласы мен Қашар кентінің тыныс-тірші-лігінен-ақ байқауыңызға болады. Айта берсең, әңгіме таусылмайды,– дейді бізге  ардагер кенші Ә.Дәрменбаев.
Көрме барысында жиналғандар  кен-байыту  өндіріс орнының тарихы мен бүгінгісін баяндайтын деректі фильмді тамашалады.
Ал, "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі"АҚ әлеуметтік сала жөніндегі вице-президенті Е.Әлкеновтің айтуынша, кәсіпорында  он сегіз мыңға жуық  адам  жұмыс істейді. Облыс бюджетіне миллиардтап қаржы аударып отырғанын, жұмысшылар мен қала тұрғындарының қалыпты жағдайда өмір сүрулеріне, жас мамандардың білім алуларына, кәсіптік біліктіліктерін жетілдіруге комбинат   қолдағы бар мүмкіндікті  жасап отырғанын атап өтті. Содан кейін ол "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ 60 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальдің ең біріншісін мемлекеттік мұрағатқа сақтауға берді.
 
Гүлназым Сағитова
Суретте: Ә.Дәрменбаев пен С.Әлкенов
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓