Сынақ алаңына айналды

«ССКӨБ» АҚ базасында әлемдік брендтердің бульдозерлеріне салыстыру тесті жүргізілді
Бірлестіктің Қашар кенішінде ұйымдастыралған сынақтың басты мақсаты – ауыр кластағы KOMATSU D275A-5, CATERPILLAR D9R және LIEBHERR PR764 бульдозерлерінің жұмысы жайлы тәуелсіз баға алу. Салыстырмалы талдауға танымал әлемдік брендтерді өндіруші компаниялар мен олардың өздері сенім артатын жүргізуші-машинистері қатысты.ССГПО - тест-сравнение бульдозеров (2)
– Сынаққа дайындалу үшін екі күн уақыт беріліп, барлығына тең жағдай жасалынды. Салыстыру тесті арқылы біз ұсынылған техниканың жұмысында ерекшеліктерді анықтап, тәуелсіз баға алдық, – дейді түсіндіреді Еуразиялық Топтың Техникалық саясат және контроллинг Департаментінің бас маманы Федор Жуков.
Тексеріс екі тапсырмадан тұрды. Алғашқы кезеңде бульдозерлер бос жыныстың үйіндісін тазалады. Бұл жерде әр техника бірлігі үшін бірдей көлемде тау массасы дайындап қойылды. Екінші кезеңде техника ұзындығы 100 метрлік грунтты қопсытты.
– Қорытындыны шығарарда бірнеше параметрлерге жете мән бердік. Бұл тұтынған дизель отынының мөлшері, тапсырманы орындауға кеткен уақыт пен жұмыстың сапасы. Барлық қатысушылар тапсырманы өте үлкен жауапкершілікпен орындап, күш-жігерін жүз пайызға жұмсады, – дейді Департамент өкілдері.ССГПО - тест-сравнение бульдозеров
Тестілеудің соңында барлық қатысушылар дөңгелек үстел басына жиналып, сынақ туралы өз ойларымен бөлісті. Ұсынылған техниканың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сөз қозғады. Келесі жолы тестілеу Еуразиялық Топтың басқа кәсіпорны «Қазақстан Аллюминийі» АҚ өнеркәсіптік алаңында қысқы мезгілде өтеді. Ол кезде бульдозерлер жұмысын басқаша қырынан сынауға мүмкіндік тумақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓