«Мүйізі» көрініп қалды

Рудный қаласына кіреберісте Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері табиғатты қорғау полицейлерімен бірігіп, көлеңкелі бизнес айналдырғысы келген ресейлік азаматты құрықтады.
"Фольксваген" маркалы көлігінің 28 жастағы жүргізушісі ілеспе құжаты жоқ 1600 келі жануар мүйізін заңсыз саудаламақ болған. Тергеу барысында ресейлік азаматтың бұған дейін Ақмола облысының Щучинск қаласында тұрғаны анықталды.
"Ол бұл мүйіздерді Таран ауданына сүйек ұнтағын жасайтындарға сатуды жоспарлаған. Жүкті аталған ауданға жеткізу үшін арнайы кқлік жалдаған", — дейді тәртіп сақшылары.
Тәркіленген мүйіздер биологиялық сараптамаға жіберілді. Дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓