Дала жұмыстары қыза түсті

      Облыста егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Диқандар көктемгі дала науқанына 15-мамырдан бастап кіріскен еді. Алғашқы аптада межеленген көлемнің төрттен бірі еңсерілді. Ал майлы дақылдардың күні бүгінге дейін 42 пайызы егілді.егіс        280 мың гектар көлемінде күндік жоспар берілген. Соның 256 мың гектары бүгінгі күнге орындалып отыр. Қазір Арқалық қаласы мен Таран, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай аудандарында егін жұмыстары өте қарқынды жүріп келе жатыр дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.
       Дала жұмыстары 1 маусымға дейін толық аяқталуы тиіс. Дегенмен, 30 мың гектардан астам алқапта су кілкіп тұр.  Басым бөлігі Қарасу ауданына тиесілі. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары: «Науқан межелі мерзімде өтеді», – деп сендірді.  Айтуларынша, шаруалардың дені арзандатылған жанармайды алып үлгерген. Техника дайын. Тұқым қоры да жеткілікті. Жалпы, Тобыл өңірінде биыл 4 млн 700 мың гектарға дәнді дақылдар себілмек.  
        -Ауа райын болжаушылардың айтуынша, мамыр айында температура орташа көрсеткіштен жоғары болады. Астық өндірушілер су басқан алқаптарды соңына қалдыра алады. Ол жерлер айдың аяғына дейін кеуіп үлгіруі тиіс. Ал қалған алқаптарға межелі мерзімде тұқым себіледі, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓