РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТПЕК

Кейкі Көкембайұлы – 1916 жылы Торғай өңірінде болған қазақтардың Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі батырларының бірі. Халық батырын дәріптеп, ерлік ісін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында Амангелді ауданы әкімдігі, «Амангелді» қоғамдық қоры республикалық мүшайра өткізбек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру – аға ұрпақтың басты міндеті.кейка
Байқаудың шарты мынадай: шығарылған өлеңдердің көлемі 15 шумақтан кем болмауы тиіс. Байланыс телефондары компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) қаріптерімен теріліп, электронды және қағаз нұсқасында жолданылуы керек.
Мүшайраға 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады. Шығарылған өлең жолдары, автордың толық аты-жөні және өзі туралы қысқаша мәлімет фотосуретімен жолданылуы тиіс.
— Бұл байқау талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында бірінші рет өткізілейін деп отыр. Материалдар 2017 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады. Комиссия келіп түскен материалдарды жан-жақты қарап, өлең мазмұнына баса назар аударып, үздік деп танылған өлеңдерді іріктеп алады.   Қорытынды іс-шара 2017 жылдың шілде айының ІІ онкүндігінде өткізіледі, — деді Амангелді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин.
Үздік ақындарға ақшалай сыйлықтар тапсырылады: І орын – 300 000 теңге; ІІ орын – 200 000 теңге; ІІІ орын – 100 000 теңге. Барлық байқауға қатысушылардың өлеңдерінен арнайы жинақ шығарылып, жинақ Кейкі батырдың сүйегін жерлеу бойынша өткізілетін іс-шара қатысушыларына таратылатын болады. Қатысушылардың сұраныстары 2017 жылдың 20 маусымына дейін Амангелді ауданының Ішкі саясат бөліміне пошталық мекенжай бойынша (Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 14 үй, 110200 инд.) немесе [email protected] электронды мекенжайына жолдануы тиіс.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓