Көктемнің соңғы жәрмеңкесі

Бүгін қала орталығында ауылшаруашылық тауарлары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов және ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзин назарда ұстады. Атқамінерлер қандай тауарға сұраныс көп екенін және бағанын көтерілмеуін қадағалады. Табиғи өнім саудасында әдеттегідей бағалар нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Мәселен, мұнда сиыр етін 950 теңгеге, құс етін 670 теңгеге алуға болады. aZtq2w3qtJ4
v7oIVqMWfr8
UWRbvRbkJLkБайбосын Мурзиннің айтуынша, бұл соңғы жәрмеңке болмақ. Өйткені, күн ыси келе, кейбір азық-түлікті сатылымға шығару тиімсіз. Сондықтан сәл үзіліс керек. Ендігі жәрмеңке қыркүйектің аяғында бастау алады. rNB6RbfZUsE
Bun9sTlcKr4-Жәрмеңкеде тауар құны 20-30 пайызға арзандайды. Өйткені, біз саудагерлерге сауда орны мен керек жабдықтарды тегін береміз. Әрине, тиісінше бағалардың арзан болуын талап етеміз. Қостанайлықтар жәрмеңкені асыға күтеді, әсіресе, қарт кісілер,-дейді Б.Мурзин. 
a0WdJ2jbxug
65CBAXD4MYQ
sBWryieLnXc
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 
 
       

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓