«Қара палуан» қарсылас шақ келтірмеді

Қостанай ауданындағы «Астана» спорт кешенінде «Қазақстан барысы» турнирінің облыстағы іріктеу жарыстарының III кезеңі өтті. Турнир үш күнге созылды. Алғашқы күндері балғын палуандардың арасында облысымыздың «жас қырандары» анықталды.IMG_2500
IMG_2464Ал «сен тұр, мен атайын» алыптар жарыстың соңғы күні боз кілемге шықты. Финалдық белдесуге жолдама үшін арқалықтық Ғабит Балғынбаев пен Қостанай ауданының «Түйе палуаны» Абылайхан Қасымхан жұп құрады. Белдесу басталмай жатып жанкүйерлер тәжірибелі Ғабит жеңеді деп болжап қойған. Қарсыластар негізгі уақытта бір-бірін ала алмады. Айта кетейік, осы белдесуде арқалықтық секунданттар төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, кілемге әлсін-әлсін қамшы лақтырды. Олардың пікірінше, белдесу Ғабиттің пайдасына шешілуі керек-ті.IMG_2521 Дегенмен, бас төреші шешімін өзгертпеді. Алда – қоян-қолтық белдесу. Жас болса да жігерлік танытқан А.Қасымхан қарсыласын таза жеңді. Еске сала кетсек, сақа палуандардың сұрыптауына түскен Абылайханның жасы жиырма екіде ғана. Екінші жартылай финалдық жұпта елге танымал палуан Ерлан Омаров лисаковтық жігітті жеңді.IMG_2481
IMG_2467Бірінен-бірі асқан сақа палуандардың арасынан Наурызым ауданынан келген Ерлан Омаров озды. Ол Абылайхан Қасымханды ұтып, «Алтын белбеудің» иесі атанды. Сөйтіп, «Қостанай қыраны» атанған палуанға 300 мың теңге табыс етілді.IMG_2506-Әрине, ел чемпионатынан соң «Қостанай қыранына» қатысу қиынға соқты. Дегенмен, намысқа тырыстық. Бұйырса, «Қазақстан барысында» облыс намысын қорғаймын. Маған сенім артқан бапкерлеріме де мың алғыс, — деді ол бізге берген сұхбатында.opsvfScgbbU
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓