Левит пен Дычконы шатастырып алды

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) Facebook-тегі ресми парақшасында Ташкентте өтіп жатқан Азия-2017 чемпионатындағы айқастардың бірінің нәтижесі қате жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz. ava«Қазақстандық Иван Дычко 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Санжар Тұрсыновты жеңді», — делінген ASBC-дің әлеуметтік желідегі жазбасында. 
Айта кетейік, шындығында Азия-2017 чемпионатында аталмыш салмақ дәрежесінде Қазақстанның атынан Василий Левит қатысып, Тұрсыновты жеңген болатын. Осылайша ол жартылай финалға шыққан еді. Ал қазақстандық боксшы Иван Дычкоға келетін болсақ, ол ақпан айында кәсіпқой рингке ауысатынын жариялады, алайда әлі күнге дейін профи-рингте жұдырықтасқан емес. Сондай-ақ, ол Азия-2017 чемпионатына мүлдем қатысқан жоқ. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓