«Ақжайықтан» аса алмады

Оралдық клуб біріншіліктің 10-шы турында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті.
Матч басында-ақ алаң иелерінің басымдығы байқалды. Бірақ, "Тобыл" да өз кезегінде жүйелі шабуылдармен жауап қайтарып отырды. Мәселен, Д.Деспотовичтің, Т.Жаңғылышбайдың соққыларынан соң қақпашы Д.Төлебаев өз командасын голдан құтқарып қалды. Тағы бір сәтте қос қапталдағы қорғаушылар Сартаков пен Жақыпов шабуылшыларға әлсін-әлсін пас ұсынып отырды.lL2dvW0hpkEҮзілістен кейін де алаң иелері қорғаныстағы шеберліктерін көрсете білді. Стандарттық доптарға иек артқан оралдықтар ақыры дегендеріне жетті. 75-минутта Сергиенко «Ақжайықты» алға шығарды – 1:0. Оның шірене тартқан добына қақпашы Непогодов түк те істей алмады.
 

Осылайша, "Тобыл" маңызды үш ұпайдан айырылып қалды.
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓