Әкімдер ауысты

Қостанай облысының қос ауданына жаңа әкімдер тағайындалды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әуелі Меңдіқара ауданына іссапармен барып, жергілікті жұртты басшыларымен таныстырды. Ол – бұған дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ерлан Теменов. Жаңа әкім аудан активімен танысып, А.Бегежанұлынан бірқатар тапсырмалар алды.IMG_8584
-Е.Теменовтың екі жоғары білімі бар. 17 жылға жуық облыстағы салық мекемелерінде қызмет істеген. 5 жыл бойы Арқалық қаласы әкімінің орынбасары, соңғы бір жарым жыл ішінде Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болды. Ерлан Олжабайұлының өмірлік тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында жаңа қызметте табысты болатынына сенімдімін,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.IMG_8591Бұдан соң облыс әкімі Қарасу ауданына ат басын бұрды. Аталмыш аудан біршама уақыт басшысыз қалған болатын. Осы күнге дейін Меңдіқара ауданы әкімі қызметін атқарып келген Виктор Ионенко қарасулықтардың басшысы болып тағайындалды. В.Ионенконың үміткерлігін жергілікті мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.IMG_8627
IMG_8621-Маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қарасу – өте үлкен аудан. Ауылшаруашылық саласында облыс бойынша көш бастап тұрған аудандардың бірі. Менің алдымда көпетеген міндет бар. Сондықтан кез келген шаурада аянып қалмауға уәде етемін. Жергілікті активпен бірігіп, көзделген мақсаттарға жететінімізге сенімдімін,-деді Қарасу ауданының жаңа әкімі Виктор Ионенко.IMG_8589
IMG_8625Екі аудан да облыс экономикасына сүбелі үлес қосып отыр. Өңірлердегі ауыл шаруашылығы оқ бойы озық тұрғаны жасырын емес. Сол себепті, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әкімдерге биыл былтырғы межеден асып түсуді тапсырды.
 
Кенже ҚОНЫБАЙ
Суретті түсірген автор.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓