Екі жол қалпына келтірілді

Биылғы су тасқыны Қостанай өңіріндегі облыстық маңызы бар төрт жолды жырып кеткен. Қазіргі таңда соның екеуінде қатынас қалпына келтірілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат", Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.жолАл Әулиекөл-Диев бағытында айналма жол салынып жатыр. Сондай-ақ, бүгін Ресеймен шекаралас Жел-қуар өткізу қосыны аумағында су деңгейі күрт көтеріліп, жол бойындағы құбырларды бұзып кеткен. Соның салдарынан көрші елге барар бағытта жүріп-тұруға шектеу қойылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары «Жел-қуардағы жағдай екі-үш күнде қалпына келтіріледі» — деп отыр. Олардың айтуынша, мұндай келеңсіз оқиға бұған дейін де болған.
«Ол жерге уақытша құбырлар орнатылады. Судың өтуін қамтамасыз ететін басқарманың жоспары бойынша ол жерге шағын көпір салынатын болады», — дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім жетекшісі Аслан Ахметжанов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓