Заң еңбек еткен азаматтарды қорғайды

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдардағы ауыртпалыққа қарамастан, кәсіподақ ұйымдарын таратпай, ТМД елдері арасында алғашқы болып арнайы заң да бекітті. Содан бері жиырма жыл бойы аталған заң кәсіподақтарға ғана емес, елдің де әлеуметтік-экономикалық оң өзгеруіне серпін беріп келеді. Ал биыл аталған заң өзгертулермен толығып отыр. Жаңадан қабылданған заңның артықшылықтары, негізгі бағыттары кеше өңірлік әкімдікте өткен жиында сөз болды. Қостанай облысы кәсіподақтары кеңесінің төрайымы Балбөпе  Ертаева  бұл  заң  кәсіподақ  қозғалыстарын  жаңа қадамдарға бастайтынын атап өтті:
профсоюз(НО)_0– Заңның бес артықшылығын айтуға болады, ол кәсіподақтардың құрылымдылығын, бірегейлігін бекітеді, республикалық және өңірлік кәсіподақ ұйымдарының салалық кәсіподақтарын құру кезіндегі жариялылық пен тәртіп, олардың нақты құқығы мен міндетін анықтайды, республикалық және өңірлік кәсіподақ ұйымдарының салалық кәсіподақтары арасындағы өкілеттілікті жіктейді, кәсіподақтардың барлық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік ұйымдарына қатысуды анықтап береді. Ал, жаңа заңның негізгі мақсаты – кәсіподақтарды қуатты етіп қана қоймайды, сонымен қатар оларға үлкен жауапкершілік пен міндеттер артады. Ол міндеттер барлық деңгейдегі билік органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға бірдей жүктелген. Заңда сондай-ақ "жергілікті кәсіподақ", яғни, бүгінгі таңда өздігінен құрылған кәсіподақ түсінігі пайда болды. Олар қызметтерін жалғастыра береді, бірақ салалық кәсіподаққа кіретін болады.
Ал өткен аптада кәсіподақтардың кезектен тыс ХХІІІ съезі өтіп, оған өңірімізден бес адам қатысыпты. Съезде жаңа заңның қабылдануына байланысты Кәсіподақ федерациясының жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген екен. Б.Ертаева сонымен қатар еліміздің мемлекеттік наградалары туралы заңына мемлекеттің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарды арнайы марапаттайтын "Еңбек Ордені" наградасы енгізіліп жатқанын айтты. Арнайы қаулы келер жылы күшіне енеді.
Аймақ басшысы Нұралы Садуақасов жаңадан қабылданып жатқан заңды өңірдің кәсіпорын, мекемелерінде кеңінен таныстыру мақсатында түрлі насихат шараларын жүргізу керектігін айтты. Себебі, заңды білген кез келген жұмыс адамы, кәсіпорындар, ұйымдар саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтай алады.
                   
 
Шұға  Қоңқабай

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓