Елбасы мақаласы талқыланды

11 сәуір күні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Егемен Қазақстан" республикалық газетіне "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы жарияланды. Онда жаһандық аренадан төрімізді сайлап, озық елдермен үзеңгі қағыстыру мақсатын іске асыру тетіктерін айқындап берді. Елбасының бұл еңбегі қоғам тарапынан қолдау тауып отыр. Барлық БАҚ көшіре басып, зиялы қауым өкілдері оңды пікірлерін білдіруде. Айрықша мән-маңызға ие мақаланы талқылау үшін облыс басшылығы да жиналыс өткізді.IMG_1573
Рухани жаңғырусыз саяси, экономикалық модернизацияға иек арту жеткіліксіз. Көреген Ұлт көшбасшысының мақаласының басты діңгегі осы болса керек. "Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады", — деді Елбасы мақаласының кіріспесінде. Жалпы, сан саланы қамтып, таяу келешекке маңызды міндеттерді жүктеп берген мақаланы қоғам жылы қабылдады. Оң көзқарас білдіріп, "көкейдегіні дөп баса білді" деп баға берді жұртшылық.IMG_1564
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен айтылмыш мақаланы талдауға, қолдауға байланысты өткен жиынға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналды. Аймақ басшысы және танымал азаматтар Елбасының бұл еңбегінің әр бөлігіне қатысты пайымды пікірлері мен келелі ойларын ортаға салды.IMG_1606
—  Бұл мақаланы Елбасының егемендік жылдарынан бері рухани құндылықтар туралы толғап жүрген ойларының бір түйіні деуге болады. Мызғымас ұлт ретінде қалыптасуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жаңа бір кезеңін іске асыруға қадам басып отырмыз. Осы ретте Елбасы тарихымыздың ұлағатты тұстарынан үлгі ала отырып, болашаққа тың бағдар бергендей. Біз ұлы даланың қазыналы тарихын зерделеу арқылы елін сүйетін, жерін қастерлейтін жаңа қазақстандық ұрпақ тәрбиелейтін жағдайға жетіп отырмыз. Бүгінде біз әлемдік өркениеттің ең озық дәстүрлерінен ділімізге жақын, болмысымызға сай тұстарын игеріп, өзіміздің ерекше руханиятымызды дәріптейтін деңгейге көтерілдік. Бұл – тарихи маңызы бар мақала, — деді облыс басшысы А.Б. Мұхамбетов.IMG_1556
Елбасы мақаласындағы заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырту, латын қарпіне көшу, прагматизм, дамудың эволюциялық қағидасы, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру сынды көптеген мәселелер сарапқа алынды. Қазақстан жазушылар одағының ҚОФ төрағасы, қаламгер Ғ.Ахметшин, ҚМПИ ректоры, тарихшы Е.Әбіл және өндіріс саласының мамандары, қоғам белсенділері баяндама оқыды.IMG_1578
IMG_1550
IMG_1595
IMG_1622Облыс әкімі отырысты қорытындылай келе, мақалада айтылған міндеттемелердің жүзеге асуына күш-жігер жұмылдыру керектігін, аудан-қала әкімдерінің нақты бағдарламаға сай жекелей ұсыныстар даярлауы қажет екендігін айтты. IMG_1552Материалды толығырақ газеттің алдағы шығарылымынан оқи аласыздар.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓