Тартысқа тастүйін әзір

Жаңа маусым алдындағы дәстүрлі кездесу «Мирас» мәдениет сарайында өтті. Алдымен, Архимед Мұхамбетов сахна төріне көтеріліп, футболшыларға ақжарма тілегін ақтарды. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов "Орталық стадионның" құрылыс жоспарымен таныстырды. Жыл аяғына таман "Жастар" алаңы жаңа түрге енеді. Мұның бәрі клубтың елу жылдық мерейтойына тарту деді қала әкімі. Қазақ эстрадасының өкілі Нұрлан Абдуллин кешті әнмен әрледі.61344fc5477d67609440f3fabcc60aa8
Әрі қарай футболшылардың таныстырылымы басталды. "Тобылдықтар" сахна төріне жайғасқан соң, бір қауым ел сұрақ қоюға көшті. Жұртшылық өздерінің сүйікті командасы мен оның басшы, бапкеріне деген наразылықтарын ашықтан-ашық айтты. Жанкүйерлер көкейде жүрген сауалдарын қойды, ал біз маңызды-маңызды деген сұрақ-жауаптардан үзінді ұсынбақпыз. z98FOuyUysM
8a06f471f627bc74cf4ab14cde52ba1f
c81b0e7fd0b2bdbb733c788b44c1b5faСұрақ: Құрам толықтай жаңарды десек те болады. Жергілікті ойыншыларға аз көңіл бөлініп жатыр деп ойламайсыз ба? 
Директор: "Астанадан" Деспотовичті ғана жалға алдық. Қалған ойыншылар бірнеше жылға келісім-шартқа отырды. Сіздің сауалыңыз күн тәртібінен түскен емес. 
Сұрақ: Жұмасқалиевке тиесілі болған 9-шы нөмірді Эльмурзаевқа бергендеріңізді қалай түсінеміз? Нұрболдың орны бөлек, сондықтан оның нөмірі музейде қалуы керек. 
Бас бапкер: Нұрболға аса құрметпен қараймыз. Ешкім қуған жоқ. Біз оған бапкерлік қызметті ұсындық, алайда, ол бас тартты. Кәсіби ұжымбыз, жейдедегі нөмірдің басқа футболшыға берілуі қалыпты жағдай. 
Директор: Нұрболға есігіміз айқара ашық. Ол кез келген кезде командаға келіп, жұмысқа тұрамын десе, өз еркі. 
Сұрақ: Жаңа маусымдағы жоспар қандай? 
Томаш Шимкович, команда капитаны: Жүлделі орынға ілігу үшін барымызды саламыз. Бізге сенім артыңыздар. Былтыр кеткені есені қайырамыз.
Сұрақ: Егер осы нәтиже орындалмаса, директор өз орнынан кетуге дайын ба? 
Директор: Менің де бастығым бар. Ол айтса, кетемін. 
Сұрақ: Алдағы кездесулерге жарнама жасалмай жатыр. Сол себепті жанкүйерлер аз келеді деп ойламайсыздар ма? 
Директор: Қалада, Қостанай ауданында бірнеше билбордқа ойындар кестесі ілінеді. Автобустарда да жарнама жүретін болады. 
Сұрақ: Оқу-жаттығу жиындары кезінде шетелден тағы бір-екі жартылай қорғаушы алынбақ болған. Нәтиже қандай? 
Бас бапкер: Біз Асхат Тағыбергенді алдырдық. Ал шетелден ойыншы алу мәселесі әзірге тоқтап тұр. 
Сұрақ: Марк Гурман қайда? 
Директор: Ол келесі аптада ота жасату үшін Италияға ұшады 
Сұрақ: «Тобылдың» мерейтойына арналған іс-шаралар кестесі бекітілді ме? 
Директор: Түрлі шаралар өткіземіз. Оның ішінде футбол "жұлдыздарын" шақырып, солармен бір матч ұйымдастырамыз. 
Сұрақ: Командада бес шабуылшы бар. Эльмурзаев бұл бәсекеден сырт қалып қоймай ма? 
Темірлан Эльмурзаев: Мен "Тобыл" тарихындағы атақты ойыншының нөміріне ие болдым. Сондықтан маған артылған жауапкершіліктің салмағын сезінемін. 
Сұрақ: Жігіттер жауапкершілікті ұмытып кетпеу үшін оларға клубтың бай тарихын, барлық жетістіктерін ауық-ауық еске салып отырғанның артықшылығы болмас. Стадион жаңарған соң қандай өзгерістер болады? 
Директор: Спорт дүкені мен музей ашамыз. 
Сұрақ: "Тобылдың" жарты үлесін кім сатып алды? 
Директор: Жақында білесіздер. 
546b07d01086f18d87955ff3e5a78ecc
9d52bc5b771405ac9de7ea04b487415f
2b5883dff27899520d395977b13dbd7eКлуб қожайыны мен бапкерлер осы маусымда алғашқы орындардан көрінеміз деп отыр. Футболшылар әр ойында қарсыластарға есе жібермеуге уәде етті. Бір жарым сағатқа созылған кездесуден соң футболшылар қолтаңба беріп, жанкүйерлермен суретке түсті. 
 
Қасқырбай Қойшыманов
                                                      Суреттер "Тобыл" ФК ресми сайтынан алынды  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓