МАНСАРДТЫҢ МАШАҚАТЫ немесе қостанайлық тұрғындардың базынасы

Қостанайдағы Урицкий көшесіндегі 5 қабатты №13 үйге осыдан 5 жыл бұрын қосымша қабат (мансард) тұрғызу басталған. Ал қазір тұрғындар бұл мансардтың ризығынан гөрі машақатын көп көріп жатыр. Пәтер иелерінің қиындығы туралы қала әкімі Базыл Жақыповтың есеп беру жиынында да айтылған-тын. Бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін аты аталған үйге барып қайттық.
_MG_3371Зульфия Золотарева – осы үйдің кондоминиум төрайымы. Оның айтуынша, 2012 жылдың 20 мамырында қалалық әкімдіктің қызметкерлері келіп, мансардтық қабат салынатынын айтқан. Құрылыс компаниясы тұрғындарға үйлеріңді жөндеп береміз деп,  уәделерін үйіп төгіпті.
— Алтыншы қабат салынып, төмендегі пәтерлер жылынады деп сендірді. Ол аз десеңіз, құрылыс жұмыстары үш айдан соң бітетінін айтып, қуантып қойды. Бес жыл өтті. Нәтиже жоқ. Ғимараттың сыртын әрлеп, жертөлені жөндейміз, барлық инженерлік коммуникацияларды алмастырамыз деген басшылары ұшты-күйлі жоқ. Төбені тақтайлап, қаңылтырларын қағып, іргелерін бітеді. Содан басқа ештеңе істеген жоқ, — деді ол._MG_3329
Қосымша қабатқа кірдік. Қабырғасы қақырап, іргесі сөгіле бастаған. Жарық жоқ,  ең сорақысы – шатырдың саңылауынан кірген қар еріп, сүңгі болып қатқан. Алтыншы қабат пайда болысымен-ақ компания басшылығы «іс бітті, қу кеттінің»  кебін келтірді дейді тұрғындар.
— Мансард салынғалы ұйқы қашты. Төбеден аққан су барлық бөлмедегі түсқағазды бүлдірді. Тіпті, төбеміз опырылып түспесе болғаны деп алаңдадық. Бізден төмен жайғасқандардың жетіскендері шамалы. Қыс айларындағы масқараны айтсақ, жағаңызды ұстайсыз. Жұрт сияқты суға түсе алмаймыз. Үй суық. Үш ай бойы тон киіп ұйықтап жүрміз десек кім сенеді? Билік қайда қарап отыр! – деп базынасын айтты осы үйдің тұрғыны Айткүл апай._MG_3326
Негізінен, құрылыс компаниясының ресми құжаттары «Энергоимпульс» ЖШС-не тиесілі болғанымен, барлық жұмыстарды «Еңбек-Қостанай» РМК фирмасының бас инженері Анатолий Нам атқарды. Еске салсақ, соңғысы – былтырғы жылы басталған атышулы «Қара бүркіт» ісінің басты кейіпкері.  Әуелі, құрылысшылар «ЖКХ-ремонт» ЖШС мен «Тобыл» ӘКК-нан 37 млн теңге көлемінде несие алған. Енді олар бұл қарызды тұрғындарға төлеткісі келеді.
— Құрылыс қарашаның ортасына қарай бір-ақ басталды. Төбені бұзып, қоқыс-қалдықтарды аулаға тастады. Кейін, жұмысшылар ауысты, — деп әңгімеге кірісті Зульфия Золотарева. — Не керек, ақыры қосымша қабатты қысқа дайындау жұмысы тұралап қалды. Көресіні қыста көрдік. Ашылған төбе дұрыс бітелмепті. Соның кесірінен, әсіресе, аязды күндері төменгі қабатқа жел ұрады. Жоғарыға тартылған кәріз құбыры да бітеліп қалды. Қазірге дейін шатыр астына қатқан мұзды  шелекпен шығарып жатырмыз. Әйткен күнде көктемде еріп, төмендегі қабаттарға ағады. Ал күн жылынған сайын түсқағаз ауыстырып отырған тұрғындар мұндайға төзбек емес.  _MG_3349
Қыстың табы кеткен жоқ. Өздері тұрмақ, бесіктегі баланы емханаға жиі-жиі апарып жүрген аналардан маза қашты. Тұрғындар қайда барып, ақыл сұрарын білмей отыр. Ал заң мамандары мансард құрылысына еш қатысымыз жоқ деп ат тондарын ала қашады. Айтуларынша, құрылыс компаниясымен келісім жасаған тұрғындардың өздері кінәлі. Ендігі үміт – қалалық әкімдікте.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерде: мансардтық қабаттың қазіргі қалпы
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков  

Читайте также:

1 комментарий

  1. Баке:

    Оу, аким? Куда вы смотрите?

     

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓