Мұзды спорт сарайы өртенді

Рудный қаласында "Мұзды спорт сарайы" өртенді, — деп хабарлайды Alau.kz Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 13 ақпанда болған. дворес
"21:50-де Ленин көшесінің бойында орналасқан "Мұзды спорт сарайының" жертөлесінде орналасқан қоймада қоқыс өртенген. Өрт 22:22-де ауыздықталып, 22:37-де толығымен сөндірілген. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған. Бес адам эвакуацияланды", — делінген таратылған хабарламада. 
Өрт сөндіруге үш арнайы техника мен жеке құрамның сегіз адамы жұмылдырылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓