1000 теңгелік айналымнан шығады

ҚР Ұлттық банкі 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттың айналымнан шығып, жарамсыз деп танылатынын айтты. Ал осы көрсетілген датаға дейін бұл банкнот елдің барлық аймақтарында ешқандай шектеусіз заңды түрде төлемге жарайды. Бұл туралы "Нұр.кз" хабарлайды.мы4
Ескі 1000 теңгелікті тұтыныс мерзімі бітпей жатып та Ұлттық банктің барлық филиалында айырбастауға болады. Сосын, 12 ай бойы (2017 жылдың 1 наурызынан 2018 жылдың 28 ақпанына дейін) аталған ақша белгісін кез келген екінші деңгейлі банкте айырбастауға рұқсат етіледі. Ал Ұлттық банктың филиалдары мұны 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ешқандай комиссиясыз қабылдайды.
 
ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес, айналымдағы банкнотты қабылдаудан бас тарту жауапкершілікке алып келеді. Шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Банкілік операциялардың жеке түрлерін, банкнотты қабылдау, айырбастау қызметтерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар тұлға мұқтаждығына қарсылық білдірсе, олар 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Азаматтар тарапынан сұрақтар туындап жатқан жағдайда Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына жүгіну ұсынылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓