Шет тілін меңгерген мамандар қажет

ЭКСПО-ға байланысты Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жанында жұмыс істейтін сall-орталыққа әлемнің кең тараған тілдерін еркін меңгерген азаматтар диспетчерлік жұмысқа қабылдануда. каллДенсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы қалалық медициналық сall-орталыққа 68 050 қоңырау түскен. Ал жыл басталғалы түрлі себептермен барлығы 10 686 адам хабарласқан. Мәселен, қаңтар айында 7 341 өтініш тіркелсе, соның 1 104-і дәрігерлердің кеңесін алу үшін, 6237-сі анықтамалық ақпарат алу үшін хабарласқан. Ақпан айының бірінші аптасында 3 346 қоңырау шалынып үлгерді.
«2017 жылдың қаңтар айында орталық жаңа жұмыс форматына көшті және енді ол тәулік бойғы режімде 103 телефон номері арқылы қолжетімді.
Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетін кезеңде аталған орталықта әлемнің кең тараған тілдерінде сөйлейтін диспетчерлер жұмыс істейтінін атап көрсету қажет. Қазіргі уақытта ондай қызметкерлерді қабылдау жүргізіліп жатыр.
Негізгі телефоннан басқа, барлық мәселелер бойынша 1300 және 8 (7172) 963-777 номерлері арқылы хабарласуға болады», — делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓