Донор шағымы

Таран ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Рудный қан дайындау бөлімі қызметкерлерінің жұмыс сапасына шағымданған. Жапа шегуші – Карина Белякова атты Таран аудандық ауруханасының қызметкері.
Донор болуды әдетке айналдырған ол, соңғы қан тапсырған кезінде процедура жүргізген медбике оның көк тамырын жарып жібергенін "Костанай. Отзывы о заведениях" паблигіне жазады. Мұнымен қоса, жапа шегуші қанталап кеткен қолының суретін де жариялаған.вена
Оқиға өткен аптада болған. Карина пабликке жасалған жарақат үшін ешкімнің кешірім сұрамағанын жазады. Мұнан соң рудныйлық "Хорошое дело" сайтының тілшілері Рудный қан әзірлеу бөлімшесінің меңгерушісі Айнаш Дүйсенбаеваға мән-жайды білмекке қоңырау шалған. Ол Каринаға қатысты жағдайдан хабардар болып шықты. Сондай-ақ, медбике өз ағаттығы үшін жәбірленушіден кешірім сұраған. 
Меңгерушінің айтуынша, әлгі медбике аса тәжірибелі, бірақ болжанбаған жайтқа душар болып отыр. 
— Егер донор ауыру сезінсе, төзімге сала бермей, бірден айтуы керек еді. Сонымен қатар, қан алынғаннан кейін де шарттарды дұрыс орындап, екі сағатқа дейін таңғышты шешпеуі тиіс. Рудный қан дайындау және оның компоненттері бөлімшесінің қызметкерлері ұзақ уақыт Таран ауруханасында болды. Сондықтан, егер әйел шағымымен бірден ауруханаға хабарласса, тиісті медициналық көмек көрсетіліп, компресс жасалар еді, — деді Дүйсенбаева.
Меңгеруші шиеленістің шешілгеніне сендірді. Жәбірленушіден кешірім сұралған. Қан ісігінің беті бері қарап келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓