Облыста қасқыр жойылып барады

Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқыр атуға бақылау қоюды ұсынып отыр. Сарапшылар пікірінше, аймақта бұл аңның жойылып кету қаупі бар, — деп жазады "Тенгри ньюс"  "Алау" басылымына сілтеме жасап. каскыр
Ресми статистика бойынша, облыста 450 қасқыр ғана қалған. Биыл бұл жыртқыштар өте тыныш. Облыстың Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, былтыр 20 қасқыр атып алынған. Дегенмен бұл ресми мәлімет, ал осыжыртқышты аулауға ерекше рұқсаттың жоқтығынан аңды кез келген адам атып алып жүр.
"Қасқыр ауланатын аңдар қатарына кірмейді, ол реттелуге жататын аң. Аңшылық кезінде адамға қасқыр жолығып қалса, жыртқышты аулап алуға рұқсат етілген", — деп атап өтті аймақтың инспекция маманы Дәуіт Тәжібаев.
Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Анатолий Коваленко қасқыр жойылып кетпес үшін, оны аңшылыққа жататын аңдар қатарына кіргізу керектігін айтады. "Қасқыр Қостанай облысының тарихындағы қайғылы естелік қана болып қалуы мүмкін, өйткені қармен жүретін техника пайда болғалы қасқыр азайып кетті. Ешбір аң ол техникадан қашып құтыла алмайды. Өте азайып кетті", — дейді Коваленко.
Әзірге бұл ұсыныс бойынша шенеуніктерден оңды жауап келмеген көрінеді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓