Арқалағаны — алғыс!

         Жұмыр басты пенде болған соң адам баласы ауырмай тұрмайды. Ондайда жедел жәрлем қызметінің көмегіне жүгінуге тура келеді.IMG_3612          Жақында Қостанайда мынадай бір оқиға болды: жедел жәрдем қызметіне түнемелік Уәлиханов көшесіндегі бір үйден қоңырау соғылады. 57 жасар отағасының кенет жүрегі  тоқтап қалған. Дәрігерлер бар болғаны төрт минуттың ішінде көрсетілген мекенжайға жетіп, әлгі кісіні тірілтіп алыпты. Бұдан өткен қуаныш бола ма?! Өмір мен өлім арасында жатқан жанды ажал құрығынан құтқарып қалған жедел жәрдем қызметіне үй иесінің ұлы алғысын жаудырып, тіпті министрлік тарапына хат та жазыпты.IMG_3620          -Қазір науқастың беті бері қарады. Денсаулығы оңалып келеді. Айта берсек мұндай деректерді көптеп келтіруге болады. Біздің міндетіміз — сырқат жандарға дер кезінде көмек көрсету,-дейді қалалық жедел жәрдем қызметі Бас дәрігерінің орынбасары Сабыр Бузаилов,- Мұнда істейтін дәрігерлерде тәулік бойы тыным жоқ. Олар  демалыстың не екенін білмейді. Мереке күндері де дамылдамайды. Өйткені, жедел дәрігерлік көмекке мұқтаж жандардың қарасы басым.IMG_3596          Медицина саласында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан білікті маман  он жылдан бері осы мекеменің басқару жұмысына араласып келеді. Әйтсе де  Сабыр Әбілқасұлының өзі де шақыртуларға жиі шығып тұрады.
          Бұрын тәулігіне 315-тей қоңырау түсетін болса, мереке күндері бұл сандар екі есеге дейін артқан. Мәселен, 15 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне күніне 600-ден астам адам хабарласыпты.IMG_3591          Қазір қай жерде болмасын тұмау өршіп тұр. Әсіресе, вирустық инфекцияны балалар көп жұқтырады.
          Қостанайдағы жедел жәрдем қызметі үш ауысыммен жұмыс істеуге мәжбүр. Құрамында бес дәрігер мен  он бір фельдшері бар 16 бригада науқастарға шұғыл қызмет көрсетеді.
         Оларға тұрғындардың да айтар алғысы алабөтен.IMG_3622
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓