Астанада Тәуелсіздік мерейтойына арналған салтанатты жиын өтуде

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды. Алдымен, шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына еліміздің мемлекеттік рәміздері енгізіліп, әнұранымыз орындалды. 20161215112240Осыдан кейін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бүгінгі салтанатты жиынға мемлкеттіміздің дамуына, Тәуелсіздіміздің нығаюына зор үлес қосқан елеулі азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінен келіп отырғандығын атап өтті.
«Қазақстаның Тәуелсіздігі мен Елбасының есімі егіз ұғым. Сондықтан біз бәріміз Тәуелсіз мемлекеттің атынан осы ең қастерлі мерекеге орай Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, бүкіл әлем көреген саясаткер, ұлы мемлекет қайраткері ретінде мойындап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен құттықтап, кемеңгерлік қызметіне зор ризашылығымызды білдіріп, зор рахмет айтамыз», — деді Сенат спикері. Тоқаев осыдан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз берді.
 
Қазақпарат

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓