Төрт жылға тоғытылды

Арқалық қалалық соты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталған екі жігітке қатысты сот үкімін шығарды.  
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 21 тамызында, түнгі сағат үш кезінде  Сергей Полосин мен Николай Волкодав ұрлыққа түсу ниетімен зергерлік дүкенге бет алады. Сауда орнында дабыл белгісінің, бейне бақылаудың жоқтығын білген екеуі темір және пластик есіктерді бұзып кіріп, құны 3 миллион теңге болатын бағалы заттарды ұрлаған.Ұрылар ұсталдыСот үкімімен қылмыстық әрекетте айыпты деп танылған С.Полосинге кәнігілігі ескеріліп мүлкін тәркілеп 4 жылға бас бостандығынан айыру, Н.Волкодавқа қылмысты шартты түрде алдын ала босату мерзімінде жасағанын ескеріп 4 жыл 6 айға соттау жазасы тағайындалды. Екеуі де жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.
Сот үкімі заңды күшіне енеген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓