Күрделі ота сәтті аяқталды

Қостанай облыстық ауруханасында аса күрделі ота жасалды. Оның сәтті аяқталғаны туралы бас дәрігер Фазылбек Темірханов сүйіншіледі, дейді "Алау" порталы.ота
Ауруханаға ауыр халдегі бүлдіршін бала жеткізілген. Ол дем ала алмай жатқан. Дәрігерлер ұл баланың өкпесінде эхинококк паразиті барын анықтайды. Науқасты дереу Астанаға жөнелту мәселелері қолға алына бастайды. Алайда қиын отаны қостанайлық ақ халаттылар сәтті жасап шықты. 
-Өкпедегі бұл паразиттің кесірінен ірің кернеген ісік пайда болған. Оның ұзындығы мен ені – 10-10 см-ден. Ол ағзалардың жұмысын бұзып, асқыну жүрекке әсер еткен, сондықтан да бала тұншыққан. Біз паразитті өкпеден алып тастай алдық. Операция 2 сағатқа созылды,- дейді Ф.Темірханов.
Бас дәрігер отаны бастан-аяқ өзі жасаған. Өкпе хирургиясы тыым қиын дейді ол.
-Мен – хирургпын, ота жасамауға қақым жоқ. Өмірге араша түсу – міндетім. Қызметкерлеріммен бірге баланы аман алып қалуға барлық күшімізді салдық, — дейді өз ісінің хас маманы.
Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиды, қасында анасы бар. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓