Автоөндірісті дамытудағы өзара ынтымақтастық

Қазақстан мен Қытай премьер-министрлерінің кездесуі барысында өткен телекөпірде AllurGroup (Аллюр Групп) компаниясының өндірістік алаңында яғни, Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің техникалық базасында шығарылып отырған JAC автокөлігінің бірнеше модельдері таныстырылды.
Бұл салтанатты шараға Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Премьер-министрі Ли Кэцян мен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев және елімізде «JAC Motors» деп танылатын «Anhui Jianghuai Automobile Co., ltd» әріптес компаниясы бас директорының орынбасары Ю Янг пен AllurGroup-тің директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лавреньтев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты._MG_3129Телекөпірде Андрей Лавреньтев China National Machinery IMP. & EXP. CORP (CMC) қаржы компаниясы мен автоөндіріс саласында жақсы танымал JAC Motors кәсіпорынымен бірлескен өндірістік бағыттағы бірнеше нәтижелерге қол жеткізгендігін баяндады._MG_3206Оқырманға ұғынықты болу үшін біз, алдымен, үш әріптестік компанияның тарихына қысқаша тоқталып өтейік. «Anhui Jianghuai Automobile Co., ltd» («JAC Motors») кәсіпорны — Қытайдағы алып өндіріс алаңы. Осы елдегі басты бес ірі көлік зауытының бірі. Жылына жарты млн. көлік шығарады. Тіпті, JAC маркалы жеңіл автокөліктер ғана емес, құрылысқа қажетті ауыр жүк машиналарын да құрастыруды бұл зауыт қамтамасыз етеді. «JAC Motors» тек Қазақстанмен ғана емес, әлемдегі 120-дан астам мемлекетпен тығыз әріптестік қарым-қатынаста. Бұл кәсіпорын сапалы тауар өндіріп, оны экспорттаудағы қызметі үшін Қытайдағы ұлттық жүлденің жеңімпазы. Ал, China National Machinery IMP. & EXP. CORP (CMC)  автоөндіріс саласын дамытуда халықаралық ірі жобаларға қатысып жүрген белді қаржы компаниясы. Әлемдегі 160 мемлекетпен, әсіресе, Ресей, Жапония, Автралия, Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Оңтүстік Америка және Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен әлі күнге дейін бірлесіп жұмыс істейді. _MG_3150Қазақстандық AllurGroup (Аллюр Групп)елдің автотехникаға деген мұқтаждығын толықтай өтеп отырған бірден-бір автоөндіріс ошағы. Бұл компанияға «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік алаңдары тиесілі. Халыққа кеңінен танымал жеңілавтокөліктер SsangYong, Peugeot, JAC, Geely, Hyundai, Toyota Fortuner және коммерциялық техникалар Iveco мен JAC сияқты автокөліктер осы өндіріс ошағында құрастырылады. Қостанайда жеті мың автокөлік құрастырып отырған кәсіпорын 2020 жылға дейін мұның санын арттыруды көздеп отыр. «АгромашХолдинг» шаруалар үшін техниканың да түр-түрін нарыққа шығарып келеді.
Телекөпірде AllurGroup басшысы Андрей Лавреньтев әріптестік бағытта атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталып, болашақтағы жоспарларын да әңгімелеп берді._MG_3254– Қазір JAC Motors-тың брендіне айналған үш автокөлік моделін құрастырып отырмыз. Одан әрі өндірісті дамытуға 28 млн доллар қаржы құйылды. Соның 18 млн. доллары China National Machinery IMP. & EXP. CORP (CMC) қаржы компаниясына тиесілі. 2017 жылдың сәуірінде JAC S3 автокөлік моделін дәнекерлеу және сырлау жұмыстары басталып, өндірісті оқшаулаудың 30% іске асырылмақ. Үш жыл бойы біз 50% межеге жетпекпіз. Әріптестік бағыттағы стратегиялық басты нысан – Кедендік одақ нарығына шығу,– деді сөзін қысқа-нұсқа аяқтаған Андрей Лавреньтев._MG_3207Өз кезегінде JAC Motors компаниясы бас директорының орынбасары Ю Янг қазақ-қытай арасындағы әріптестік байланыстың тиімділігіне, одан әрі қарқынды дамуына ерекше тоқталды.
– Компания бүгін жедел дамып келеді. Әріптестік қарым-қатынастың аясында бизнестің бірнеше түрін игеруде. Алдағы уақытта жолаушылар автокөлігін құрастыруда да тамаша жетістіктер күтіп тұр. Жылына JAC S3 автокөлік моделінің 10 мың данасын шығару жоспарда бар. Бұл моделді Ресей еліне экспорттаймыз,– деп 2017 жылға үлкен жоспар құрғандарын баяндады._MG_3259Жалпы, JAC маркалы автомобилдерінің мінездемесінде болат пен темір материалдарын көп үнемдейтіндігі айтылады. Бұл Қытайдың мемлекеттік брендіне айналған автокөлік маркасы болып саналады. JAC-тың барлық түрі мемлекеттік қатаң бақылаумен сапалы әрі қауіпсіз ретінде шығарылады-мыс.
 
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓