Қысқа даярлық – 100 пайыз

«АБЗ плюс», «Таза Жол-АТ», «Вескор» ЖШС-терінде арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді.
Комиссиялық тексеруге Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Теменов, ТКШ бөлімінің жетекшісі Олжас Нұрғалиев, ТЖ бойынша бас маман Г.Колчанов қатысты. Әр көліктің техникалық қалпы, жанар-жағар маймен қамтылуы, сондай-ақ көктайғаққа қарсы материалдардың нормативті қоры, диспечерлік қызмет даярлығы, оның күндіз-түні кезекшілік атқаратын тәжірибелі кадрлермен қамтылуы бақыланды.DSC_0013
DSC_0039Қар тазалайтын және қосалқы техникалар – грейдерлер, қар тасығыш, құм төсегіш, сыпырғыш машиналарға ерекше назар қойылды. Комиссия барлық техниканың жұмысқа 100 пайыз даяр екеніне көз жеткізді.DSC_0036
Қыз мезіліндегі жұмыстарға 140 техника жұмылдырылады. Мұның сыртында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қосымша 10 бірлік арнайы техника сатып алуға тапсырма берді.  Оның бесеуін сатып алу үшін облыстық бюджеттен 132 млн теңге бөлінеді, қалған бесеуін мердігерлер өздері қатарға қосуға уәде етті.DSC_0007
Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы материалдар көлемі 4 000 текше метрді құрайды, құм мен тұз қоспасы арнайы тағайындалған орында сақтаулы.DSC_0026
 
DSC_0031Қала басшылығы қар көп түскен жағдайда арнайы техникалар алғашқы кезекте көлік қозғалысы көп көшелерде, әлеуметтік маңызды мекемелер маңында (аурухана, мектептер, балабақшалар) жұмыс істеуі керектігін ескертті.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓