Ұстазым менің, ұстазым…

    Қостанай қаласындағы балалар шығармашылығы үйінде  мұғалімдер күні мерекесіне байланысты қала мектептері ұстаздарын ұлықтауға арналған  іс-шара болып өтті.IMG_2212
     Төл мерекелерінің салтанатына жиналған ұстаздардың барлығы да салтанатты, құшақтары гүлге толы, көңілдері көтеріңкі, әсем музыка да ойнап тұрды.
   Мұғалімдер күніне арналған салтанатқа жиналғандарды  Қостанай қаласының  әкімі Б. Жақыпов,  облыстық білім басқармасы бастығының  орынбасары В. Цымбалюк,  қалалық білім бөлімінің жетекшісі Д. Сүйіндікова құттықтады, ұстаздарымыздың табыстарын айтты, жетістіктерін жеткізді. Мысалы, Қостанай қаласындағы  №3 орта мектебінің мұғалімі Әміржан Жұмабеков, Рудный қаласының №15 орта мектебінің мұғалімі Сайран  Өміржанова  республикалық «Үздік педагог» конкурсында жеңімпаз атанды, қомақты  ақшалай сыйлыққа ие болды.IMG_2149
      -Еліміздің тірегі болар жастарымызға  сапалы білім беретін, рухани байлықтарын дамытатын, Отанының  патриотты азаматы болып өсулеріне жол көрсететін шамшырағы-сіздерсіздер.  Елбасымыз да білім саласына баса назар аударып отырғаны сондықтан.  Мемлекет, атқарушы билік тарапынан қала мектептерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына, балаларымыз заман талабына сай білім алуларына барлық жағдайлар жасалу үстінде. Мектептерімізде білікті педагогтарымыз жұмыс істейді, олар да түрлі байқауларда табыстарымен көрінуде,-деді қала әкімі Б. Жақыпов.IMG_2162
 
IMG_2156
IMG_2168Салтанатты құттықтаудан соң қала әкімі бір топ ұстаздарды марапаттады. Олардың қатарында Қостанай қаласындағы №20 орта мектебінің мұғалімі Ж. Бейсенова бар. Ол  облыс әкімінің грамотасына. сыйлығына ие болды, ал, қала мектептерінің  он ұстазы қала әкімінің грамотасымен, сыйлығымен марапатталды.  Сол  секілді   салтанатты іс-шарада «Үздік тәрбиеші» байқауының жеңімпаздары да марапатталды.  Жеңімпаздар иеленген орындарына байланысты бір, екі, үш еңбекақы көлеміндегі сыйлықтарға ие болды.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓