ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ ЕХРО-2017 көрмесіне насихат Лисаковтан басталды

news1443332847"Бұл бәсекеде Астананың жеңісі кездейсоқ болған жоқ. Біріншіден, онымен біздің Астанамызды дүниежүзілік мәні бар шараны қабылдай алатын қала ретінде мойындалды. Екіншіден, бұл – Қазақстанның қарышты дамуына берілген баға. Ол шешім Қазақстанның Еуразия аймағындағы айрықша орнын айқындап отыр. Үшіншіден, біздің пайдамызға шығарылған шешімге «Болашақ энергиясы» деген тақырыптың өзектілігі де әсер етті. Ал, ең бастысы, бұл – барлық қазақстандық халықтың жеңісі, ерен еңбегінің жемісі"
 
Нұрсұлтан Назарбаев
 
 
 
Әлем назарын Қазақстанға аудартатын ауқымды шара EXPO-2017 көрмесі болмақ. Елордада өтетін тарихи оқиғаға Қазақстанның барлық облысы барынша атсалысып, ел мерейін асқақтатқаны сөзсіз. Осы орайда, еліміздің әр өңірі түрлі жобалардың тұсауын кесіп келеді.ekspo-2017Барша қазақстандық осынау мерекеге куә болғысы келетіні анық. Көрмені қостанайлықтар да тағытсыздана күтіп жүр. Осыған дейін «Нұр Отан» партиясының Қостанай облысындағы филиалының «Жас Отан» жастар қанаты өңірдегі бірқатар қалалар мен аудандарды аралап, ЕХРО-2017 көрмесінің бастау алғаны туралы насихат жұмыстарын жүргізетіні туралы жазған едік. Міне, отансүйгіш жастар ойға алған жоспарларын жүзеге асырып, саяхаттарын Лисаков қаласынан бастап кетті.bf046acc557ee16fa71e19b8b976d050
Биыл Лисаков қаласына 45 жыл. Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын іргесі қаланған шаһардың өзіндік ерекшеліктері мен мақтан етер тұстары жетерлік. Күні бүгінге дейін Қостанай облысының қарыштап дамуына зор үлесін қосып келе жатқан аймақтардың бірі. Лисаков – темір кенімен, түрлі сусындарымен аты шыққан қала.329498744Жасотандықтар ұйымдастырған пресс-турға біз де қатысып қайттық. Бүгіндері Лисаков қаласында халық саны 40 мыңнан асады. Бір байқағанымыз, шағын шаһарда қарапайым инфрақұрылымнан бастап, абаттандыру, көріктендіру, жаңа нысандар салу, демалыс орындары мен саябақтарды жөндеу, жол-көлік қатынастарын ретке келтіру жұмыстары қарқынды дамып келеді.image(2)Мәселен, лисаковтық балақайларға арналған «Нұрлы Жол» балабақшасы қала көркін кірігізіп тұр. Су жаңа нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған еді. Жуырда ғана облыс әкімі ашылу салтанатына қатысып, өз тарапынан бағалы сыйлық тарту еткен-ді.
Сонымен қатар, дәл осындай тағы бір балабақша өз есігін айқара ашқан болатын. Көркі мен сапасы ешкімнен кем түспейтін «Балақай» балабақшасы лисаковтықтардың мақтанышына айналды. Себебі мұндағы бар жағдай еуропалық стандарттарға сай, соңғы үлгідегі дизайнмен жасалған. «Мұндағы ойыншықтар да баланың өсіп-жетілуіне оң септігін тигізеді. Ресей мамандарының оқыту әдіс-тәсілдері қолданылады» дейді балабақша меңгерушісі Любовь Захарова.aNDqcmRieYoЛюбовь Захарова өмір бойы бала тәрбиесіне көңіл бөліп келеді. Жастайынан мектепке дейінгі даярлау сыныптарымен жұмыс істеген. Қазір құрмет демалысына шықса да, сүйікті ісін әрмен жалғастыруда. Хан сарайынан кем түспейтін бұл ғимаратты ұлы екеуі бірігіп салған. Кейін үкіметтен қолдау көріп, кәсібі өрге домалай түседі. Заман талабына сай тұрғызылған ғимараттың іші-сырты көз тартады. 200 орындық балабақша бүлдіршіндерді ерте жастан-ақ қабылдай береді. Балаларды қабылдау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Зейнеттегі қарт ұстаздың мұндай батыл қадамына қала тұрғындарының барлығы дән риза.jVWQRTWgPl4«Жас Отан» жастар қанатының келесі табан тіреген жері – «Вдохновение» би студиясы. Сырт кейпі жұпыны ғана бұл ғимараттың ішінде жүзге жуық жеткіншек бимен шұғылданады. Татьяна Абдекаримова – талай халықаралық би сайыстарында топ жарған талантты жан. Бойындағы бар өнерімен бөлісуді жөн санайтын ол, осы студияны маңдай терін төге жүріп ашқан.
-Ғимарат тасада тұрғандықтан көбісі біле бермейді. Алайда біздің студияғы би ансамбльдерін бүкіл Қазақстан таниды. Себебі көптеген байқауларда бақ сынап, бірталай жетістікке жетіп жүрміз. Биыл «Даму» мемлекеттік қорының қолдауымен студияға бейнебақылау орнатып, ішіне жөндеу жұмыстарын жасадық. Сондай-ақ, түрлі би костюмдер сатып алдық, — дейді студия жетекшісі Татьяна Сергеевна.hF54Quk_GaUҚалада белең ала бастаған құрылыс нысандары жетерлік. Мысалы, биыл тұрғындардың игілігіне берілген спорт алаңқайы лисаковтықтардың көңілінен шыққан. Су жаңа жаттығу құралдары қатар тізіліп тұр. Шағын футбол алаңы да сайлы. Осының бәрі Қостанай облыстық әкімшілігі мен ERG компаниясының арасындағы меморандум аясында жүзеге асуда.rkpjCbmGduAЛисаков қаласынан талай спорт саңлақтары шыққан. Сондықтан да бұл шаһарда салауатты өмір салты мен бұқаралық спорт түрлеріне баса назар аударылады. Мысалы, қаладағы жасөсіпірімдерге арналған спорт мектебі осы сөзімізге дәлел. Мұнда 8 бен 18 жас аралығындағы балаларды спорттың 9 түрі бойынша жаттықтырады. Бәрі де –олимпиадалық спорт түрлері. Жалпы, спорт мектебінде мыңға жуық бала бар. Алайда бұл кешен тарлық етеді. Қалада спортқа әуес жеткіншектер жетерлік. Сондықтан алдағы уақытта тағы да спорт орталығы бой көтеруі ықтимал.fQwyCrcJ_GQ
5w0qJppso78Осылайша «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің Лисаков қаласына жасаған саяхаты өз мәресіне жетті. Енді отансүйгіш жастар осы қаланың айшықты жерлерінің суретін бір альбомға топтастырып, ЕХРО-2017 көрмесіне жөнелтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар осындай жолмен еліміздің әр қаласын көре алатын болады.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓