Ресейде қазақстандық азамат жоғалды

Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған Қазақстан азаматын іздестіруге кірісті.
Челябі облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан тұрғыны Алексей Гаршин 1-қыркүйекте Ресей шекарасына өткен. Көрші елге ол Hyundai Santa Fe маркалы көлігімен барыпты. Челябі облысы Варненский ауданының Николаев елді мекеніндегі кедендік бекет арқылы шекара асқан. борн
Ресейлік полицейлер көлікті азаматтың "Челябі-Тройцк" тас жолы арқылы жүрген деп жорамалдап отыр.
Жоғалған қазақстандықтың белгілері: жасы 40 шамалас, бойы 165-170 см, толықша денелі, шашы қысқа, қара, көздері көкшіл.
Гаршиннің жоғалғаны туралы хабарландыру ВК әлеуметтік желісінде пайда болған. Оны туыс-туғандары жариялаған.  Олардың айтуынша, ол 1-қыркүйекте сағат 22.00-де Лисаков қаласынан шығып, Екатеринбургке бағыт алған. Көлігінің мемлекеттік нөмірі – P041YKM. Ол 2-қыркүйектен бастап байланыс аясынан тыс қалған.
Қандай да бір ақпараты бар адамдардан мына нөмірлерге хабар беру сұралады: 8-777-634-92-79, 8 -777-879-62-50, 8-702-782-08-00, ресейліктер "02" нөмірі арқылы байланыса алады.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓