Достық үйіне — 10 жыл

Қостанайда облыстық Достық үйінің 10 жылдығы сән-салтанатымен аталып өтті. Түрлі этностың басын қосқан бірлік ордасы 2006 жылдың 7 қыркүйегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. Қазіргі күні мекеменің атауы «Қоғамдық келісім» болып өзгерді. IMG_8666
Алғашқы жылдары мұнда 16 этномәдени бірлестік тіркелген еді. Кейін бұл қатарға «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігі мен «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі қосылды. Орталықтың мақсаты Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту, түрлі ұлт өкілдерінің ана тілдері мен дәстүрлерін, мәдениеттерін, жаңғырту. Бір мақсат, бір болашақ жолында еңбек етіп келе жатқан бірегей ұйым он жылдың ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. IMG_8768
IMG_8693Мерейтойға арналған салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысып, Достық үйінің дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. Сонымен қатар, облыстық мәслихат хатшысы С.Ещанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин және көршілес Челябі облысынан келген меймандар құттықтау сөзін сөйледі.  IMG_8663
-Достық үйі тарихи ғимарат. Бүгінде ол жерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп отыр. Біздің басты байлығымыз қоғамдық келісім мен толеранттылық. Әртүрлі этномәдени бірлестіктер ел бірлігін сақтап, нығайту жолында еңбек етуде,-деді облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев. IMG_8749
IMG_8781
IMG_8794Салтанатты іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. IMG_8751
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓