Рудныйда Тамыз конференциясы өтті

"Білімді ел — мәңгілік ел" атауымен «Горняк» мәдениет сарайында білім саласының қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.

ZFV_1138Қоғамда адам капиталының сапалы өсуiне әсер ететiн маңызды құралдың бірі – білім болып табылады. Сондықтан оны дамытып, әлемдік деңгейге көтеру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде қаламыздың білім саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Оқушылар мен ұстаздардың жетістіктерін айтпағанда, Перцев кентінде су жаңа білім ордасы бой көтеріп, Қашардың №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл басынан бері білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуіне 10 миллион теңге бағытталса, инженерлік желілерді жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 13 миллион теңге бөлінді. Осы және өзге де жаңалықтарды жіпке тізіп берген қала әкімі Бақытжан Ғаязов ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен де құттықтап, еңбегі еленгендерді облыс әкімінің мақтау қағазымен марапаттады.ZFV_1082Елбасы ұсынған бес реформа, бұл – еліміздің қарыштап дамуына серпін беретін маңызды саяси қадам. Соның ішінде, Ұлт көшбасшысы 100 нақты қадамда баса айтқан негізгі айқын мақсат – жастардың үш тілді меңгеруі.

– Қазір қаланың бірнеше мектептерінде үш тұғырлы тіл бағдарламасын енгізу мақсатында дайындық жүріп жатыр. 2020 жылға дейін жалпы білім беретін барлық мектептер осы дайындықтан өтуі тиіс, – деді келесі боп сөз алған білім бөлімінің басшысы Ольга Кононенко.ZFV_1154
Ол өткен жылды қорытындылай келе, қаламыздың барлық мектептері жаңа оқу жылына сақадай сай екендігін жеткізді. Педагог қауымның алдына жаңа міндеттер жүктеді. Салтанатты бөлімнен қаланың ең үздік шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Айта кетерлігі, Тамыз конференцияның негізгі бөлімі ертең №7 қазақ орта мектебінде өтетін болды. Онда ұстаздар білім беру саласындағы соңғы жаңалықтарды талқылап, өзара тәжірибе алмаспақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓